Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

4.05.19.ж

Шымкент қаласы  №4 қалалық емханасында дәрігерлер және орта буынды медицина қызметкерлерінің арасында «АИТВ/ЖИТС мәселесі бойынша» семинар сабақ өткізілді.

Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының 26.03.2019 жылғы №101 н/қ бұйрығы негізінде  ЖИТС  орталығының маманыдары  У.Байдилдаева,А.Оспанова,Р.Мамедова  №4 қалалық емханасында дәрігерлер және орта буынды медицина қызметкерлерінің арасында «АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу мәселесі бойынша» семинар сабақ өткізді.

Семинар барысында  ҚР ДСжӘДМ 2015жылғы №508  « Клиникалық және эпидемиологиялық  көрсетілімдер бойынша адамдарды АИТВ-инфекциясының болуына міндетті, құпия медициналық зерттеп-қарау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес,  №4 қалалық емханасында дәрігерлердің  және орта буынды медицина қызметкерлердің  АИТВ/ЖИТС мәселесі бойынша білім деңгейін көтеру. АИТВ жұқтырғандарды кемсіту мен таңбалаудың алдын алу, АИТВ жұқтырған адамдарға қолдау көрсету және оларға түсіністікпен қарау бойынша оқыту бейнефильмдер мен бейнероликтер көрсетілді.

Семинар өткізудің мақсаты АИТВ/ЖИТС туралы шынайы ақпарат бере отырып, жауапты, қауіпсіз, тәлімдік дағдыларын қалыптастыру және АИТВ-мен өмір сүруші адамның құқықтарына құрмет көрсетуге тәрбиелеу. Салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Мақаланың авторы: Байдилдаева У.С., дәрігер эпидемиолог