Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы 176 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында «Денсаулық сандарына жет!» ұранымен Шымкент қалалық  Дендросаябақта 20 қыркүйек күні «Денсаулық фестивалі» акциясы  өтті. Акция барысында бірмезеттік дене жаттығулары орындалды, түрлі спорттық  көріністер көрсетіліп, концерттік бағдарлама қойылды, қала тұрғындары «медициналық қалашықта» дәрігерлерден тегін кеңес алды. ЖИТС орталығының ұжымы да аталмыш іс-шара барысында арқан тарту, жаппай жаяу жүру, секіру секілді спорт түрлеріне қатысып, 2-ші орынды иемделді. Орталықтың мамандары тұрғындарға АИТВ/ЖИТС жайлы мәлімет берді, парақшалар таратты, жедел тестілеу жүргізді. Жедел тестілеуден – 18 адам өтті.   

Іс-шараның мақсаты бұқаралық спортты және дене белсенділігін халыққа кеңінен насихаттау.

Мақаланың авторы: Ахмедова Э.С., ЖИТС орталығының маманы