Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

 ЖИТС алдын алу және онымен күресу қызметіне 30 жыл толуына орай Шымкент қаласы ЖИТС орталығында жиын өтті.

     Төл мереке қарсаңында ЖИТС-пен күрес жолында сіңірген еңбектері үшін орталықтың аталмыш қызметкерлері төмендегідей марапаттармен марапатталды. Орталықтың бас дәрігері Мейрханов Т. «Атырау облыстық ЖИТС орталығына 30 жыл» төсбелгісімен,  Қазақстан Республикасының  Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен әдістемелік-ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Алтынбекова А.М.,  Денсаулық сақтау саласындағы көп жылғы еңбегі және еліміздің денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін зертхана маманы Байсалбаева Ж.М., құрмет грамотасымен марапатталды.  

 Мақаланың авторы: Ахмедова Э.С., ЖИТС орталығының маманы