Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

Шымкент қаласы ЖИТС–тің алдын алу және оған қарсы қүрес жөніндегі орталықтың дәрігер эпидемиологы Ұ.Байдилдаева, эпидемиолог көмекші С.Оспанов, «Еуро-Азиялық құрылыс корпорациясы «EVRASKON» ААҚ- ның  жұмысшылары арасында Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша семинар өткізді.

Семинар барысында «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша» мәлімет берілді. Жұмысшыларға әлеуметтік маңызы бар ауруларға соның бірі АИТВ/ЖИТС-ке шалдыққан адамдарға үкімет тарапынан тегін көмек  көрсетілетіні жайында айтылды.

Семинар өткізудің мақсаты: Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша халықты жан-жақты ақпараттандыру. Салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Мақаланың авторы: Байдилдаева У.С., дәрігер эпидемиолог