Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

Елімізде 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап міндетті әлеуметтік

медициналық сақтандыру (әрі қарай МӘМС) жүйесі іске қосылады.

      Әрбір сақтандырылған азамат – медициналық сақтандыру қорына үнемі жарна төлеп тұратын МӘМС жүйесінің қатысушысы  мына қызметтерді алуға құқы бар:

       Консультациялық-диагностикалық көмек

Ауруларды диагностикалау, емдеу және бақылау бойынша салалық мамандардың кеңестері;

Ересектерге профилактикалық тексеру – артериалды гипертонияны, жүректің ишемиялық ауруын, қант диабеті, глаукома, онкопатологияны ерте анықтауға арналған скринингтер;

Балаларға мамандандырылған тексерулер;

Қымбат диагностикалық қызметтер, оның ішінде зертханалық қызметтер (КТ, МРТ, ПТР, ИФА және т.б.)

Жоспарлы және шұғыл стоматология – халықтың жеңілдігі бар санаттары үшін (балалар, жүкті әйелдер, көп балалы аналар, «Күміс алқа» және «Алтын алқамен» марапатталғандар, зейнеткерлер, мүгедектер және т.б.)

      Стационарды алмастыратын көмек

Күндізгі стационарда дәрі-дәрмектерді, медициналық құрылғыларды, медициналық процедураларды және кішігірім операцияларды қолдана отырып емдеу.

      Жоспарлы стационарлық көмек

Тәулік бойы стационарда жоғары технологиялық медициналық қызметтер мен медициналық бақылауды қолдана отырып емдеу, хирургиялық операцияларды жүргізу.

      Медициналық оңалту және қалпына келтіру емі

Ол туберкулезбен ауыратын науқастарды оңалтуды қоспағанда, инсульт, операция және ауыр аурулардан кейін қолданылады (ТМККК пакетінде).

ЖИТС орталығының маманы Ахмедова Э.