Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов 2020 жылдың қорытындысы бойынша онлайн форматта өткен халық алдындағы есеп беру кездесуінде айтты.  – Адами капитал перзентханадан басталады десек, артық айтқанымыз емес. Сол себепті ана мен баланың денсаулығы мемлекеттің қорғауында. Бүгінде қаладағы екі перзентханада күрделі жөндеу жүріп жатыр. Бұл жұмыстар таяуда аяқталады. Жалпы, Шымкентте төрт перзентхана бар. Орынның тапшылығына байланысты Бірінші аурухананың жанынан бесінші перзентхананы ашуды көздеп отырмыз, – деді қала әкімі.  Мұрат Дүйсенбекұлының айтуынша, қазіргі таңда Шымкент қаласының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2025 жылға дейінгі жоспары дайындалып жатыр. Бастапқы медициналық көмекке көп көңіл бөлінеді. Бұл салаға жеке инвесторлар да келуде. Жеке емханалардан бөлек, биыл мың орындық заманауи аурухана құрылысын бастау жоспарланып отыр.  Айта кетейік, былтыр үшінші мегаполисте 31 455 сәби дүниеге келген.