Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

ЮНЭЙДС қорының ұсынысымен әлемде 90-90-90 стратегиясы негізінде, АИТВ жұқтырғандардың 90 пайызы өз статусы жайлы білу мақсатында, жастардың өз еркімен тексерілуге талпынысын жоғарлату үшін 2021 жылғы 11 наурызда Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында науқан өтті. «Өз статусынды біл!» ұранымен өткізілген науқан барысында жастарды салауатты өмір салтын ұстануға, АИТВ-инфекциясын алдын-алуға және өз денсаулығына ортақ  жауапкершілікпен қарауға шақыру мақсатында студент жастар арасында түсіндірме жұмыстары  ұйымдастырылды. Науқан  аясында ЖИТС орталығының қызметкерлері жастарды АИТВ-жұқпасына жедел-тест арқылы тексеріп, тестіге дейін және тестіден кейін кеңес берді.

Мақала авторы: мұғалім Н.Жургенбаева.