2021 жылдың наурыз айында Шымкент қаласы ЖИТС орталығының диагностикалық зертханасына Abbot фирмасының демеуімен ALINITY I HIV автомат иммунохемилюсценттік талдағышы іске қосылды.
Қазіргі таңда ЖИТС орталығының зертхана мамандары Alinity автомат талдағышы арқылы Шымкент қала тұрғындарына АИТВ-на қан талдау жүргізуде.
Соның нәтижесінде реакцияға қойылған қан талдау қорытындысы небәрі 30 минуттың ішінде дайын болады. Апарат сағатына 180 талдау жасайды. Талдаудың қорытындысы сол құрылғыдан бірден медициналық ақпараттық жүйеге жіберіліп шығарылады.
Alinity-көптеген зертханалық бағыттардың мәселелерін шешуге арналған анализаторлардың алғашқы толық үйлесімді біртұтас жиынтығы. Ол сенімді деректерді ұсынуға, зертхана операторының жұмысын жеңілдетуге және диагноз қоюдағы қателіктерді азайтуға бағытталған. Сондай-ақ пациенттерді емдеу нәтижелерін жақсартатын нәтижелерге қол жеткізуге ықпал ететін, зертхананың тиімділігін жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік беретін және пациенттер мен клиника дәрігерлерін дәл, уақтылы және толық зертханалық ақпаратпен қамтамасыз ететін дербес шешім ұсынады.
Мақаланың авторы: ЖИТС орталығының маманы Ахмедова Э.С.