Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

АИТВ инфекциясының таралуы жаһандық сипатқа ие болды және Әлемнің көптеген елдерінің әлеуметтік-экономикалық дамуына  қауіп төндірді. АИТВ/ ЖИТС-тің таралу  қарқыны  әлі де тоқтамай келеді. ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күні Дүниежүзінде жыл сайын мамырдың үшінші жексенбісіндеал соңғы екі жылда  COVID-19 пандемиясы жағдайында өткізілуде.

Іс-шара ЖИТС-тың таралуын тоқтату, қоғамды  АИТВ/ЖИТС-ті жұқтырған адамдардың проблемаларына назарларын аударту және АИТВ/ЖИТС-тің алдын-алу жұмыстарын күшейту жолымен жүргізіледі.

Алғаш рет ЖИТС  құрбандарын еске алу күні 1983 жылы Американың Сан-Франциско қаласында атап өтілді. Бірнеше жылдан кейін осы ауруға қарсы қозғалыстың символы пайда болды.  ЖИТС-тен құрбан болған көптеген адамдарды еске алу үшін  киімге тағылатын  қызыл лента, сондай-ақ  маталардың кесінділерінен тігілген түрлі-түсті киімдер болды. Бұл төлсипаттарды суретші Франк Мур 1991 жылы ойлап тапты. Қазіргі уақытта  Дүниежүзінде ЖИТС-тен құрбан болғандарды еске алу күнінде осы іс-шараның белсенділері, ЖИТС-тен құрбан болғандарға  бей-жай қарамайтын адамдар киім-кешектеріне қызыл ленталар тағады.

Эпидемия басталғалы бері 77, 3 миллион адам АИТВ-ны жұқтырған. Және аталмыш жылдан бастап ЖИТС-пен ілеспелі аурулардан 35  миллион адам қайтыс болды.

 Статистикаға сәйкес, планетада 42 миллионнан астам адам жұқпалы АИТВ-мен өмір сүреді. Олардың ішінде 21,7 миллион адам антиретровирустық терапия алады.

Қазіргі уақытта ағзадан вирусты толығымен жоятын дәрілік заттар жоқ. Сондықтан АИТВ/ ЖИТС-тен науқасты толық емдеу мүмкін емес. Бірақ адамның өмірінің сапасын жақсартатын, ұзартатын препараттар бар. АИТВ инфекциясының таралуын шектеудің  негізгі механизмі инфекцияның алдын алу болып табылады. Әр адам АИТВ-инфекциясының жұғу жолдарын, қалай тексерілетінін және  жұқтырудан қалай қорғану керектігін білуі қажет.

      Шымкент қаласының ЖИТС орталығы да COVID-19 пандемиясына қарамай бұл іс-шараға белсенді қатысуда, онлайн түрде халықтың назарын аудару мақсатында Халықаралық ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу науқанын қолдауда.

 

Орындаушы: Ахмедова Э.С.  ЖИТС орталығының маманы