Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

2021 жылғы 24 маусымда Дүниежүзілік нашақорлықпен күрес күніне орай қалалық «Психикалық денсаулық орталығында»  келуші халықтың  және ИЕТ-ң қатысуымен ашық есік күні өткізілді. Іс шараға ЖИТС орталығының мамандары Ф. Абдиева, Л. Джанабаева  қатысты. Халықпен  және ИЕТ-мен кездесу барысында АИТВ-инфекциясы туралы ұғым, аурудың таралуы, берілу жолдары, алдын алу шаралары талқыланды. Сонымен қатар қауіпсіз мінез құлық, психоәлеуметтік көмектің қол жетімділігі, тегін берілетін қорғаныш заттар (бір реттік шприцтер, мүшеқаптар), экпресс тесттер туралы мәліметтер берілді. Іс шара барысында АИТВ-инфекциясына тексерілуден өткісі келетін адамдарды  жедел тест қою арқылы  тексеруден (61 адам) өтті.  АИТВ/ЖИТС және нашақорлық, насыбайдың  зияны туралы ақпарттық брошюралар таратылды. Іс шараға 150 ден  астам  адам қатысты.

 Мақала авторы: Абдиева Ф.Т.