Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

06.09.2021ж Өз тағдырыңыз өз қолыңызда

    

         Адамның иммун тапшылығы вирусы адамнан адамға қорғаныссыз жыныстық қатынаста, қан арқылы , яғни иньекция жасағанда немесе есірткі қолданғанда, анадан балаға (жүктілік, босану, емізу кезінде) беріледі. Ал, күнделікті жағдайларда - қол алысып амандасу, достық құшақтасу, сүйісу,  өндірістік және тұрмыста қолданылатын заттарды пайдаланғанда  (компьютер, ыдыс-аяқ, киім – кешек, басқа құрал- аспаптар), жәндіктердің шағуы, жануарлардың тістеуі арқылы, хауызға түскенде, қоғамдық көлікте жұқпайды.

         Вирус жұқтырған адамдарда инфекцияның ешқандай белгісі білінбейді. Медицинада «симптомсыз вирус тасымалдаушылық» деп аталады, себебі тек қана қан талдауын тапсырғанда анықталады. Мұндай жағдай 6-10 жылға созылып, тек адам ағзасындағы иммун жүйесі зақымданғаннан кейін иммунтапшылық белгілері білінеді.

          Жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы- СПИД- адамның иммун тапшылығы вирусымен қатты зақымдануынан болған патологиялық белгілер байқалатын соңғы саты.

          Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректеріне сүйенсек, бүгінгі күнде вируспен өмір сүретін адамдардың саны – 35 миллионды құрайды.

           Статистикалық деректерге сай, 2021 жылдың 1- шілдесіне Шымкент қаласы бойынша  өсімімен 2328 АИТВ жұқпасы тіркелген. 2021 жылдың  7 айында 106 АИТВ жұқпасы тіркелген,  ал 2020 жылдың 7 айында 79 құраған, яғни 2020 жылмен салыстырғанда АИТВ-мен Шымкент қаласы бойынша сырқаттанушылық 25 жағдайға өскен.  «АИТВ инфекциясының бар-жоғына міндетті құпия медициналық зерттеп карау қағидаларын бекіту туралы» Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 27 қарашадағы №ҚР ДСМ - 211/2020 бұйрығы негізінде жүкті әйелді есепке қою кезінде жүкті әйелдің жыныстық серіктестерін АИТВ инфекциясына тексеру алып барылуда.  Ретроспективтік эпидемиологиялық талдаулар нәтижесінде соңғы жылдары инфекцияның жыныстық жолмен берілу үлесі  81,2 пайызды құраса, оның ішінде  әйелдер арасында тіркелуі – 38,6 пайызды құраған. Олардың 69,3 пайызы – жұмыссыздар. Ал  78,2 пайызынан астамы -15-49 жас аралығындағылар.

          АИТВ инфекциясына шалдыққандар заң бойынша тек қан тапсыруда донор бола алмайды, ал қалған жағдайда барлығымызбен құқықтары бірдей. Есте сақтаңыз: өз тағдырыңыз өз қолыңызда. 

 

                                                     

                                                                                     Мусаев Ы.Р.

                                                                                     Қалалық ЖИТС орталығы

                                                                                     дәрігер эпидемиолог

  06.09.2021ж.