Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

2021 жылдың 08 қыркүйек күні Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» мамандары, Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Аутрич, NEET және жас отбасылармен жұмыс бөлімінің қызметкерлері ұйымдастыруымен Индустриалды техникалық колледжі студенттерінің қатысуымен, жастар арасында АИТВ/ЖИТС–тің алдын алуы мақсатында арнайы сала мамандарының қатысуымен кездесу өтті. Тыңдаушылар іс-шара барысында АИТВ/ЖИТС алдын алуы туралы шынайы ақпарат ала отырып, физиологиялық және әлеуметтік тұрғыдан бей-берекет жыныстық қатынасқа түсетін жастарды күтіп тұрған қиындықтар жайлы сұрақтар талқыланып, тұжырым жасалды.

Мақала авторы: мұғалім Н.Жургенбаева.