"Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжінің" студент қыздары арасында «Қыздар арасында ерте жастағы жүктілікті алдын алу» тақырыбында семинар өтті. Іс-шара барысында Жастар ресурстық орталығының мамандары кәмелеттік жасқа толмағандардың арасында жыныстық қатынастың алдын алу және жоспарсыз жүктілікті болдырмау мақсатында бейнероликтерді көрсетті. Студенттер АИТВ/ЖИТС туралы шынайы ақпарат ала отырып, қауіпсіз мінез-құлық дағдысына және АИТВ-мен өмір сүруші адамның құқықтарына құрмет көрсетуді үйренді.
Мақала авторы: Н.Жургенбаева.