Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

Еңбекші ауданы әкімі аппараты мамандарының ұйымдастыруымен бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес «Парасат колледжінде» студенттер арасында нашақорлықты және АИТВ/ЖИТС-ті алдын алу мақсатында кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында Шымкент қаласының психикалық денсаулық орталығының нарколог-дәрігері, ЖИТС-тің алдын-алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының маманы, дін мәселелерін зерттеу орталығының теологы және Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасына қарасты жастар орталығының маманы мен Еңбекші аудандық полиция басқармасының ЮПБ мектеп инспекторларымен бірлесе түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Мақала авторы:Н.Жургенбаева.