Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

Еңбекші ауданы әкімі аппараты мамандарының ұйымдастыруымен бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес бүгін аудандағы М.Сапарбаев атындағы институтының студенттері мен №25 мектеп-гимназиясының оқушыларына кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықты, АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу, нашақорлыққа, суицидке жол бермеу, кереғар діни ағымдар мен секталардың іс-қимыл тәсілдері жөнінде кездесу өткізілді. Кездесу барысында Шымкент қаласының психикалық денсаулық орталығының нарколог-дәрігері, ЖИТС-тің алдын-алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының маманы, дін мәселелерін зерттеу орталығының теологы және Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасына қарасты жастар орталығының маманы мен Еңбекші аудандық полиция басқармасының ЮПБ мектеп инспекторларымен бірлесе түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, осы кездесуде жасөспірімдерді спортқа қызығушылығын арттыру мақсатында Шымкент қаласының №10 күрес түрлерінен Олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің бапкері Б.Медетбек тәжірбиелерімен бөлісіп, балаларды спортпен шұғылдануға шақырды.

Мақала авторы:Н.Жургенбаева.