2021 жылдың 8-қазанында Шымкент қаласының «Сұңқар Премиум» медицина орталығында медицина қызметкерлері арасында семинар ұйымдастырылып, өткізілді. Шымкент қалалық ДСБ 22.02.2021ж. № 63 – н/қ бұйрығын орындау мақсатында Шымкент қалалық ЖИТС орталығының мамандарымен АИТВ инфекциясын алдын - алу және АИТВ инфекциясы бойынша бұйрықтар талаптары айтылды. Сонымен бірге, ЖИТС орталығының қызметкерлері халық арасында АИТВ-жұқпасына жедел-тест арқылы тексеріп, тестіге дейін және тестіден кейін кеңес берді.
Мақала авторы: эпидемиолог дәрігері Ф. Абдиева, Л. Джанабаева.