Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

жаналықтар каз

Шымкент қаласы ЖИТС орталығында «Ашық есік» күні өткізілді.

    

      Медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне және ЖИТС (СПИД) қызметіне – 30 жыл толуына орай, 12 маусым күні ЖИТС орталығында «Ашық есік»  күні өткізілді. Іс-шараның  мақсаты: тұрғындардың АИТВ статусын анықтау, АИТВ (ВИЧ)-ның жұғу жолдары, алдын алу шаралары жайында түсінік беру. Аталмыш күні инфекционист, психолог, гинеколог, дерматовенеролог мамандары кеңес берді. Адамдар АИТВ-ны анықтау үшін жедел тестілеуден өтіп, 15 минут ішінде өздерінің АИТВ статусын анықтай алды.  Анализ анонимді түрде тегін қабылданды. Жедел тестілеуге - 36 адам, ИФА-ға - 67 адам қан тапсыды, 50 шақты адам дәрігерлерден кеңес алды. 

 

Мақаланың авторы: Ахмедова Э.С., ЖИТС орталығының маманы.

 

ВИДЕО

 

07.06.19.ж

 

Шымкент қаласы № 167/10 түзету мекемесінде семинар өтті.

      Шымкент қаласы  ЖИТС–тің алдын алу және оған қарсы қүрес жөніндегі орталықтың  дәрігер эпидемиологі  Байдилдаева У.С.  Шымкент қаласы № 167/10 түзету мекемесінде  жеке құрамның және сотталушылардың арасында семинар өткізді.

     Семинар барысында Республикалық және облыс, қала көлеміндегі эпидемиологиялық жағдай бойынша түсінік берілді. АИТВ жұқтырғандарды кемсіту мен таңбалаудың алдын алу, АИТВ жұқтырған адамдарға қолдау көрсету және оларға түсіністікпен қарау бойынша оқыту бейнефильмдері мен бейнероликтері көрсетілді.

      Семинар өткізудің мақсаты  АИТВ/ЖИТС туралы шынайы ақпарат бере отырып, жауапты, қауіпсіз тәлімдік дағдыларын қалыптастыру және АИТВ-мен өмір сүруші адамның құқықтарына құрмет көрсетуге тәрбиелеу. Салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Мақаланың авторы: Байдилдаева У.С., дәрігер эпидемиолог

03.06.2019ж.   Медициналық қызметкерлерінің спартакиадасы өтті.

        Қазақстан Республикасы Президентінің  2016 жылғы  15 қаңтардағы №176 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» бағдарламасын іске асыру мақсатында Шымкент қаласында Медициналық қызметкерлерінің спартакиадасы өтті.                                                                                                            Спартакиаданың мақсаты: медицина қызметкерлері арасында жеткілікті дене белсенділігінің маңызы туралы ақпарат беруді арттыру,  өз денсаулықтарына ортақ жауапкершіліктерін , сонымен қатар халық арасында дене белсенділігі мен спортты насихаттау, дене белсенділігімен айналысуға медицина қауымын жұмылдыру.

       Спартакиада барысында волейбол, футбол, арқан тарту, үстел теннисі т.б спорт түрлері жүргізілді. Спартакиадаға ЖИТС орталығының ұжымы да қатысып, волейболдан бірінші, жалпы команда бойынша үшінші орынды иемденді. Спартакиада соңында кубок және т.б сый- сияпаттармен марапатталды.

 

Мақаланың авторы: Ахмедова Э.С., журналист