Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

жаналықтар каз

                     31.05.2019    Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі

    Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі деген не? Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі (МӘМС) - денсаулық сақтау мүддесін әлеуметтік қорғаудағы мемлекеттік жүйе болып табылады. МӘМС Қазақстанның барлық сақтандырылған азаматтарына жынысына, жасына, әлеуметтік жағдайына, тұрғылықты жерiне және табысына қарамастан медициналық және дәрілік көмекке тең қолжетімділік жасауға кепілдік береді. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) - ауру, жарақат алу, туу және жүктілік, мүгедектік және кәрілік жағдайларында халықтың денсаулығының мүддесін әлеуметтік тұрғыда қорғау нысаны. Көптеген дамыған елдер мұқтаждығы артық тұрмысы төмен адамдарға ресурстарды қайта бөлуге мүмкіндік беретін МӘМС жүйесін таңдаған.  Қазақстан міндетті медициналық сақтандыру үлгісін таңдағанда 50-ден астам елдің тәжірибесін ескерген. Әрбір азаматтың денсаулығы үшін жауапкершілік енді адамға, жұмыс берушіге және мемлекетке жүктеледі. Қаражат медициналық сақтандыру принциптеріне сәйкес, ортақ жауапкершілік негізінде таратылатын болады. Әр адам  ем қабылдау үшін медициналық ұйымды өзі таңдай алады.

 

 

                       ЖИТС орталығының дәрігері                                                         Бердиева Г.А.

29.05.2019  Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың басты үш қағидасы


Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі (МӘМС) - денсаулық сақтау мүддесін әлеуметтік қорғаудағы мемлекеттік жүйе болып табылады.
МӘМС Қазақстанның барлық сақтандырылған азаматтарына жынысына, жасына, әлеуметтік жағдайына, тұрғылықты жерiне және табысына қарамастан медициналық және дәрілік көмекке тең қолжетімділік жасауға кепілдік береді. МӘМС - ауру, жарақат алу, туу және жүктілік, мүгедектік және кәрілік жағдайларында халықтың денсаулығының мүддесін әлеуметтік тұрғыда қорғау нысаны. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі мемлекеттің, жұмыс беруші мен өзін-өзі еңбекпен қамтыған азаматтардың міндетті сақтандыру төлемдерінен құралады. МӘМС-ті жүзеге асыруда өзіндік қағидалар да бар. Олар:

  1. Міндеттілік - Қазақстан Республикасының әрбір тұрғыны міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысуға тиіс.
  2. Әлеуметтік әділдік - Әрбір сақтандырылған қатысушының төлеген жарна мөлшеріне қарамастан, қызметтің толық мүмкіндігін алу құқығы бар.
  3. Ниеттестік - Денсаулық сақтау саласының ауыр жүгі мемлекет, жұмыс беруші және әр адамның өз мойнында.

 

Дәрігер:Умирзахова М

28.05.2019  ЖИТС-тен балаларды қорғау

28.05.2019 жылы Шымкент қаласының ДСБ «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МКҚК базасында  «ЖИТС-тен балаларды қорғау» ҚҚҚ сенім бекеттерінің (СБ) қызметкерлері мен аутрич-қызметкерлері арасында семинар өтті.

Семинарға  жоба координаторы Ж.Жазықбаева, сенім бекетінің 5 қызметкері және 12 аутрич-қызметкерлер, сонымен қатар профилактикалық жұмыстар бөлімінің меңгерушісі Ф.Абдиева, эпидемиолог дәрігер М.Исмагулов, СБ дәрігері А.Медетова, СБ мейірбикесі Г.Елемесова қатысты.

Күн тәртібінде келесі мәселелер талқыланды:

  1. ҚР ДСМ  2013  жылғы  28 ақпандағы  «Инъекциялық  есірткіні тұтынушыларға арналған  сенім бекеттерінің қызметін ұйымдастыру  жөніндегі  ережені  бекіту»     №115  бұйрығы.
  2. Халықтың осал топтары (ИЕТ, СҚ, ЕЖЕ) арасында АИТВ-инфекциясын алдын- алу іс-шаралары жөнінде түсіндіру.
  3. Есеп беру құжаттарын толтыру жөнінде түсіндірме жұмыстар.

 

Семинар соңында СБ қызметкерлері мен аутрич-қызметкерлердің сұрақтарына толыққанды жауаптар берілді.

 

СБ дәрігері А.Медетова

21.05.19.ж

Шымкент қаласы №12 қалалық емханасының дәрігерлер және орта буынды медицина қызметкерлерінің арасында «АИТВ/ЖИТС мәселесі бойынша» семинар сабақ өткізілді.

Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының 26.03.2019 жылғы №101 н/қ бұйрығы негізінде  ЖИТС  орталығының мамандары  У.Байдилдаева,С.Сметова   қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының дәрігерлер және орта буынды медицина қызметкерлерінің арасында «АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу мәселесі бойынша» семинар сабақ өткізді.

Семинар барысында  ҚР ДСжӘДМ 2015жылғы №508  « Клиникалық және эпидемиологиялық  көрсетілімдер бойынша адамдарды АИТВ-инфекциясының болуына міндетті, құпия медициналық зерттеп-қарау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес,  қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының  дәрігерлердің  және орта буынды медицина қызметкерлердің  АИТВ/ЖИТС мәселесі бойынша білім деңгейін көтеру. АИТВ жұқтырғандарды кемсіту мен таңбалаудың алдын алу, АИТВ жұқтырған адамдарға қолдау көрсету және оларға түсіністікпен қарау бойынша оқыту бейнефильмдер мен бейнероликтер көрсетілді.

Семинар өткізудің мақсаты АИТВ/ЖИТС туралы шынайы ақпарат бере отырып, жауапты, қауіпсіз, тәлімдік дағдыларын қалыптастыру және АИТВ-мен өмір сүруші адамның құқықтарына құрмет көрсетуге тәрбиелеу. Салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Мақаланың авторы: Байдилдаева У.С., дәрігер эпидемиолог

 20.05.2019   Шымкент қаласы  №8 қалалық емхана ұжымына МӘМС бойынша мәлімет берілді.

         Адамның денсаулығы – қоғам байлығы. ЖИТС  орталығының мамандары У.Байдилдаева, С.Сметова  №8 қалалық емхана ұжымына міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру  МӘМС бойынша мәлімет берді.

         Кездесу барысында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) дегеніміз не?, МӘМС жүйесі қалай жұмыс істейді?,  МӘМС ендірудің қажеттілігі неде?, МӘМС енгізудің медициналық қызметкерге берер пайдасы қандай?  және т.б. сұрақтар қарастырылып, МӘМС-тің негізгі артықшылықтарына тоқталды.

Мақаланың авторы: Ахмедова Э.С., ЖИТС орталығының маманы  

16.05.19.ж

Шымкент қаласы  қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы дәрігерлер және орта буынды медицина қызметкерлерінің арасында «АИТВ/ЖИТС мәселесі бойынша» семинар сабақ өткізілді.

Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының 26.03.2019 жылғы №101 н/қ бұйрығы негізінде  ЖИТС  орталығының мамандары  У.Байдилдаева,С.Сметова   қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының дәрігерлер және орта буынды медицина қызметкерлерінің арасында «АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу мәселесі бойынша» семинар сабақ өткізді.

Семинар барысында  ҚР ДСжӘДМ 2015жылғы №508  « Клиникалық және эпидемиологиялық  көрсетілімдер бойынша адамдарды АИТВ-инфекциясының болуына міндетті, құпия медициналық зерттеп-қарау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес,  қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының  дәрігерлердің  және орта буынды медицина қызметкерлердің  АИТВ/ЖИТС мәселесі бойынша білім деңгейін көтеру. АИТВ жұқтырғандарды кемсіту мен таңбалаудың алдын алу, АИТВ жұқтырған адамдарға қолдау көрсету және оларға түсіністікпен қарау бойынша оқыту бейнефильмдер мен бейнероликтер көрсетілді.

Семинар өткізудің мақсаты АИТВ/ЖИТС туралы шынайы ақпарат бере отырып, жауапты, қауіпсіз, тәлімдік дағдыларын қалыптастыру және АИТВ-мен өмір сүруші адамның құқықтарына құрмет көрсетуге тәрбиелеу. Салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Мақаланың авторы: Байдилдаева У.С., дәрігер эпидемиолог

17.05.2019 Шымкент қаласында «Өмір сүру үшін, есте сақтаймыз!»

атты науқан өтті.

 

2019 жылдың 17 мамыр күні «Сәлем» әлеуметтік қалашығында «Өмір сүру үшін, есте сақтаймыз!»  атты науқан өтті.

Шараның ұйымдастырушысы – ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық және Шымкент қаласының «Жастар ресурстық орталығы». Науқан барысында Қастеев колледжінің студенттері  арасында АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу  мәселелері туралы білім деңгейін көтеру мақсатында тапсырмалық квест ойындары өткізілді. Жастар ресурстық орталығының мамандары шығармашылық көрініс дайындап, белсенді қатысушыларды алғыс хаттармен марапаттады.  Жастар «ЭкСПИДияция» жобасына қатысып, АИТВ жұқтырған немесе ЖИТС-пен ауыратын адамдарды ауруына байланысты таңба басу және қоғамнан аластатуды алдын алу жөнінде түсінік қалыптастырды.

Мақала авторы;Ф.Абдиева, Н.Жургенбаева