Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

Жаңалықтар

16.05.2019 Шымкент қаласында  «Өмір сүру үшін, есте сақтаймыз!» атты науқан «Автонұр» базарында өтті.

 

2019 жылдың 16 мамыр күні «Автонұр» базарында «Дүниежүзілік ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу» күніне орай науқан өтті.

Шараның ұйымдастырушысы - ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық және «Жастар ресурстық орталығы». Науқанның мақсаты халық арасында АИТВ/ЖИТС алдын алу  мәселелері туралы білім деңгейін көтеру және АИТВ жұқтырған немесе ЖИТС-пен ауыратын адамдарды ауруына байланысты таңба басу және қоғамнан аластатуды алдын алу жөнінде түсіндіру жұмыстарын  жүргізу.

Науқан  аясында ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының қызметкерлері 46 адамды АИТВ-жұқпасына экспресс-тест арқылы тексеріп, тестіге дейін және тестіден кейін кеңес берді.  237 адамға ақпараттық танымдық материалдар таратылды.

Мақала авторы: мұғалім Н.Жургенбаева.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі деген не?

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі (МӘМС) - денсаулық сақтау мүддесін әлеуметтік қорғаудағы мемлекеттік жүйе болып табылады. МӘМС Қазақстанның барлық сақтандырылған азаматтарына жынысына, жасына, әлеуметтік жағдайына, тұрғылықты жерiне және табысына қарамастан медициналық және дәрілік көмекке тең қолжетімділік жасауға кепілдік береді. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) - ауру, жарақат алу, туу және жҥктілік, мүгедектік және кәрілік жағдайларында халықтың денсаулығыың мүддесін әлеуметтік тұрғыда қорғау нысаны. Көптеген дамыған елдер мұқтаждығы артық тұрмысы төмен адамдарға ресурстарды қайта бөлуге мүмкіндік беретін МӘМС жүйесін таңдаған.

Қазақстанда қолданыстағы заңнамаға сәйкес үлес ставкасының мөлшері - жұмыс берушілер 2020 жылдан бастап 5% мөлшерінде; - Қызметкерлер - 2%.

Міндетті медициналық сақтандырудың негізгі артықшылықтары: Аз қаражатпен МӘМС шеңберінде қызметтердің толық пакетін алу!  Медициналық сақтандыру қорына жарналар енгізу арқылы, сіз қабылдаудан бастап дәрігердің терең тексерулеріне дейін және МӘМС пакеті шеңберінде қымбат операцияларға, кез-келген емханада медициналық қызметтердің барлық түрлеріне қол жеткізе аласыз; Барлығы айқын түрде болады!  Сақтандырылған азамат жеке электрондық денсаулық сақтау - жүйесіндегі жеке кабинеті арқылы көрсетілетін медициналық қызметтердің, денсаулық жағдайын, ақылы жарналары туралы барлық ақпаратты көре алады. Міндетті медициналық сақтандыру жүйесі қалай жұмыс жасайтын болады? Жарналар жасалған болса, азамат автоматты түрде сақтандырылған болады. Осылайша, сақтандыру жарналарының ең төменгі мөлшерімен, соның ішінде қызметтердің барлық пакетіне қол жеткізе алады. Қоры, өз кезегінде, белгілі бір талаптарға сай медициналық қызметтер жеткізушілерімен келісім-шарттар жасасады, және медициналық көмектің сапасын қатаң бақылайды.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры ретінде қызмет етеді: - тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде медициналық қызметтерге ақы төлеу операторы - МӘМС медициналық қызметтердің пакетін стратегиялық сатып алушы медициналық қызмет көрсету алушылар - ол қоры әрқашан сақтандырылған тұлғалардың мүдделерін қорғаушы болып, есте ұстау маңызды болып табылады.

МӘМС жүйесінде сақтандырылған азаматтар қандай медициналық көмек ала алады?

  • алғашқы медициналық-санитарлық көмек амбулаториялық тегін қамтамасыз етіледі және күндізгі күтім, профилактика, диагностика, аурулар мен жағдайларды емдеу, жүктілік кезеңін бақылау, медициналық манипуляция, т.б. кіреді.
  • мамандандырылған және жоғары технологиялық медициналық көмек, оның ішіне профилактика, диагностика, арнайы техниканы және күрделі медициналық технологияларды пайдалануды талап ететін аурулар емдеу кіреді
  • жедел медициналық жәрдем жедел медициналық араласуды талап ететін жағдайларда (апаттар, жарақат, улану, кенеттен пайда болған қатты ауру) медициналық ұйымдарды тыс шұғыл немесе төтенше түрінде қарастырылған амбулаториялық немесе стационарлық көмек.
  • Жоспарланған медициналық көмек науқастың өміріне қауіп төндірмейтін, аурулар мен жағдайлары үшін ауруханада қарастырылған.
  • дәрі-дәрмек қамтамасыз ету - амбулаторлық медициналық көмек көрсету кезінде Медбике күтімі – ауру нәтижесінде тұрақты үй көмекгіне мұқтаж болған немесе өздері қамқорлық жасай алмайтын тұлғаларға көмек көрсету, 
  • паллиативтік - жазылмайтын, өміріне қауіп төндіретін аурулар және ауру адамға жайлылықтың ықтимал деңгейде жатқан ауыратын науқастардың өмір сүру сапасын қамтамасыз ету.

Есте сақтаңыз!

 

Мемлекеттік тегін медициналық көмектің мынадай түрлеріне кепілдік береді:

  • жедел жәрдем және санитариялық авиация;
  • әлеуметтік маңызы бар ауруларға медицианлық көмек(онкологиялық аурулар, туберкулез, диабет және т.б.) және төтенше жағдайларда
  • Профилактикалық егу

 

Мақаланың авторы: Есіркепов Е.Ж., ЖИТС орталығының  эпидемиологиялық бөлімінің меңгерушісі

 

 

14.05.19.ж

Шымкент қаласы  №8 қалалық емханасында дәрігерлер және орта буынды медицина қызметкерлерінің арасында «АИТВ/ЖИТС мәселесі бойынша» семинар сабақ өткізілді.

Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының 26.03.2019 жылғы №101 н/қ бұйрығы негізінде  ЖИТС  орталығының мамандары  У.Байдилдаева,С.Сметова  №8 қалалық емханасында дәрігерлер және орта буынды медицина қызметкерлерінің арасында «АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу мәселесі бойынша» семинар сабақ өткізді.

Семинар барысында  ҚР ДСжӘДМ 2015жылғы №508  « Клиникалық және эпидемиологиялық  көрсетілімдер бойынша адамдарды АИТВ-инфекциясының болуына міндетті, құпия медициналық зерттеп-қарау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес,  №8 қалалық емханасында дәрігерлердің  және орта буынды медицина қызметкерлердің  АИТВ/ЖИТС мәселесі бойынша білім деңгейін көтеру. АИТВ жұқтырғандарды кемсіту мен таңбалаудың алдын алу, АИТВ жұқтырған адамдарға қолдау көрсету және оларға түсіністікпен қарау бойынша оқыту бейнефильмдер мен бейнероликтер көрсетілді.

Семинар өткізудің мақсаты АИТВ/ЖИТС туралы шынайы ақпарат бере отырып, жауапты, қауіпсіз, тәлімдік дағдыларын қалыптастыру және АИТВ-мен өмір сүруші адамның құқықтарына құрмет көрсетуге тәрбиелеу. Салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Мақаланың авторы: Байдилдаева У.С., дәрігер эпидемиолог

 

 

14.05.2019  Жастар ресурс орталығы қызметкерлерімен «Өмір сүру үшін, есте сақтаймыз!» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

 

2019 жылдың 14 мамыр күні «Сәлем» әлеуметтік қалашығында ЖИТС орталығының маманы Шымкент қаласы отбасы, балалар және жастар жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығының» қызметкерлерімен  бірге «Дүниежүзілік ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу» күніне орай дөңгелек үстел өткізді.  

Іс-шара барысында қатысушылар  жастарға АИТВ-жұқпасы және ЖИТС  жайлы негізгі ақпарат берудің әдіс-тәсілдері туралы,  АИТВ жұқтырған немесе ЖИТС-пен ауыратын адамдарды ауруына байланысты таңба басу және қоғамнан аластатуды алдын алу жөнінде түсіндіру жұмыстарын оңтайлы жүргізу жолдарын талқылады.

19 мамыр Қазақстандағы ЖИТС-тен қайтыс болғандарды Еске алу күні қарсанында бірлесіп өткізілетін іс-шаралар жоспарын ойластырды.

Мақала авторы: Н.Жургенбаева

03.05.19ж             127 жалпы орта мектеп ұжымына МӘСМ бойынша мәлімет     берілді.

        «Денсаулық–зор байлық» дейді халқымыз. Халықтың денсаулығын сақтау аурулардың алдын-алу мен оларды емдеу бағыттары мемлекеттік, әлеуметтік, экономикалық, медициналық және биологиялық (физиологиялық) проблема. Осы тұрғыда Қазақстан Республикасы міндетті медициналық сақтандыру жүйесін 2020 жылы іске қосуды мақсат етуде. Міндетті медициналық сақтандыру жүйесі Қазақстанға заманмен қатар жүруге, сондай-ақ сақтандыру нарығын одан әрі дамытуды ынталандыруға көмектеседі.  Өйткені, әлемнің дамыған мемлекеттерінде медициналық сақтандыру қолданылатыны және өмірдің негізгі бөлігі болып табылатынын көпшілік біледі.

          Осы мәліметті  хабарландыру мақсатында №127 жалпы орта мектеп ұжымына  ЖИТС орталығының маманы Жүргенбаева Н.М. МӘСМ бойынша түсінік берді. Кездесу барысында: міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) дегеніміз не?, МӘМС ендірудің қажеттілігі неде?, МӘМС жүйесі қалай жұмыс істейді?, МӘМС енгізудің халыққа берер пайдасы қандай? және т.б. сұрақтарға тоқталды.

 

Мақаланың авторы: Ахмедова Э.С., ЖИТС орталығының маманы

3.05.19.ж

Шымкент қаласы  Б.Момышұлы атындағы оқу орталығында «АИТВ/ЖИТС алдын алу мәселесі бойынша» семинар сабақ өткізілді.

        Шымкент қаласы ЖИТС –тің алдын алу және оған қарсы қүрес жөніндегі орталығының дәрігер эпидемиологы Ұ.Байдилдаева, Б.Момышұлы атындағы оқу орталығының тыңдаушыларының арасында  «АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу мәселесі бойынша» семинар сабақ өткізілді.

Семинар барысында Қазақстан Республикасының және Түркістан облысы бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы, АИТВ-ның шығу тарихы мен берілу жолдарына мән берілді.АИТВ жұқтырғандарды кемсіту мен таңбалаудың алдын алу, АИТВ жұқтырған адамдарға қолдау көрсету және оларға түсіністікпен қарау бойынша оқыту бейнефильмдері мен бейнероликтер көрсетілді.

Семинар өткізудің мақсаты АИТВ/ЖИТС туралы шынайы ақпарат бере отырып, жауапты қауіпсіз тәлімдік дағдыларын қалыптастыру және АИТВ-мен өмір сүруші адамның құқықтарына құрмет көрсетуге тәрбиелеу. Салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Мақаланың авторы: Байдилдаева У.С., дәрігер эпидемиолог

4.05.19.ж

Шымкент қаласы  №4 қалалық емханасында дәрігерлер және орта буынды медицина қызметкерлерінің арасында «АИТВ/ЖИТС мәселесі бойынша» семинар сабақ өткізілді.

Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының 26.03.2019 жылғы №101 н/қ бұйрығы негізінде  ЖИТС  орталығының маманыдары  У.Байдилдаева,А.Оспанова,Р.Мамедова  №4 қалалық емханасында дәрігерлер және орта буынды медицина қызметкерлерінің арасында «АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу мәселесі бойынша» семинар сабақ өткізді.

Семинар барысында  ҚР ДСжӘДМ 2015жылғы №508  « Клиникалық және эпидемиологиялық  көрсетілімдер бойынша адамдарды АИТВ-инфекциясының болуына міндетті, құпия медициналық зерттеп-қарау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес,  №4 қалалық емханасында дәрігерлердің  және орта буынды медицина қызметкерлердің  АИТВ/ЖИТС мәселесі бойынша білім деңгейін көтеру. АИТВ жұқтырғандарды кемсіту мен таңбалаудың алдын алу, АИТВ жұқтырған адамдарға қолдау көрсету және оларға түсіністікпен қарау бойынша оқыту бейнефильмдер мен бейнероликтер көрсетілді.

Семинар өткізудің мақсаты АИТВ/ЖИТС туралы шынайы ақпарат бере отырып, жауапты, қауіпсіз, тәлімдік дағдыларын қалыптастыру және АИТВ-мен өмір сүруші адамның құқықтарына құрмет көрсетуге тәрбиелеу. Салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Мақаланың авторы: Байдилдаева У.С., дәрігер эпидемиолог