Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

Жаңалықтар

     2022 жылдың 28-шілде куні   ДСБ «ЖИТС-тің алдын – алу  және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МКҚК-ның мамандары Ф.Абдиева, Л.Джанабаеваның қатысуымен  №3ші  арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында  «АИТВ инфекциясының алдын алу»  тақырыбында    дәріс өткізілді. АИТВ- инфекциясына  ерікті түр тексерілем деушілерге жедел тест қойылды.

Сонымен  бірге ақпараттық танымдық материалдар таратылды.

Мақала авторы: эпидемиолог дәрігері Ф. Абдиева

КВИ-ге шалдыққандардың  басым бөлігін екпе алмаған азаматтар құрап отыр – Бас санитарлық дәрігер

Қазақстанда күн сайын 2,7 мыңнана аса КВИ жұқтыру жағдайы тіркеліп отыр және олардың көп бөлігін екпе алмаған азаматтар құрап  отыр, – деп мәлімдеді денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

«Қазақстанда 20 маусымнан бері КВИ-мен сырқаттанушылықтың өсімі байқалуда. Соңғы аптада алдыңғы аптамен салыстырғанда сырқаттанушылық 1,9 есе – 8156-дан 15503 жағдайға  дейін артты. Тәулігіне КВИ+ 2700-ге дейінгі жағдайы, ал КВИ-  20 жағдайы тіркелуде», – деді вице-министр.

Әйтсе де соңғы аптада ауырып қалғандардың 70%-ы 3 өңірге – Алматы, Нұрсұлтан қалаларына және Қарағанды облысына тиесілі.

А. Есмағамбетованың айтуынша,  Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларының мысалында, ауырғандардың 80%-ы екпе алмаған немесе екпе алғанына 6 айдан асқан жандар екенін көруге болады. Бұл КВИ-ге вакцинацияның  қажет екенін тағы да нақтылап отыр.
Бүгінгі таңда КВИ-ге қарсы вакцинациямен ел халқының   56%-ы немесе вакцина алуға тиісті ересек адамдардың 80%-дан аса бөлігі  қамтылған.

«COVID-19 қарсы ревакцинация  алдыңғы вакциналар көмегімен қалыптасқан иммунитетті сақтауға және ағзаның аурудан қорғанысын күшейтуғка бағытталғанын айтқым келеді. Өкінішке қарай, КВИ-мен ауырғандар сияқты екпе алғандардың да ағзасының инфекциядан қорғану деңгейі уақыт өте төмендейді, нәтижесінде адам қайтадан инфекция жұқтыруы мүмкін. Сондықтан бастапқы вакцинациясы курсын алғаннан кейін 6 айдан соң КВИ-ге қарсы ревакцинациядан өтуге кеңес береміз»  деп  түйіндеді А.Есмағамбетова.