Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

жаналықтар каз

26.02.2024 ж. АИТВ-ИНФЕКЦИЯСЫН АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТТІ

🏫 Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Шымкент медицина колледжінің жастары арасында «АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу» тақырыбында кездесу өтті.

👩🏻‍🔬Кездесуге Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының» дәрігері Азизхан Қазақбаевич, Студенттік емхана емдеу мекемесинің басшы орынбасары, дәрігер, кардиолог, нарколог Байдуллаев Тимур Батырович қатысты.

📊 Кездесу барысында ЖИТС орталығының маманы кәмелетке толмаған жастар арасында АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу мәселелері жайында кеңінен мағлұмат беріп, жаман әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.

 

📢27.02.2024 ж. № 2 қалалық аурухана емханасының медицина қызметкерлері арасында дәріс өтті.
🏫2024 жылдың 27-ақпанында Шымкент қалалық № 2 аурухана емханасының медицина қызметкерлері арасында дәріс ұйымдастырылып, өткізілді.
Шымкент қалалық ДСБ 29.01.2024ж. №39 – н/қ бұйрығын орындау мақсатында Шымкент қалалық ЖИТС орталығының мамандарымен АИТВ инфекциясын алдын – алу, АИТВ инфекциясы бойынша ҚР ДСМ бұйрықтары талаптары және АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды ауруына байланысты «таңба басу», қоғамнан аластатуды алдын алу жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді
Мақала авторы: эпидемиолог дәрігерлері Ф. Абдиева, Ұ.Байдилдаева

 

📢 21.02.2024 ж. Қалалық перинаталдық орталығында медициналық қызметкерлердің арасында АИТВ-инфекциясы мәселесі бойынша білім деңгейін көтеру және әдістемелік көмек беру мақсатында семинар өтті.
🏥 Шымкент Қалалық перинаталдық орталығында медициналық қызметкерлермен ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтың алдын алу бөлімінің дәрігер-эпидемиолог А.Т. Байкасова, диспансер бөлімнінің дәрігерлері Э. К. Имангалиева, Б.Д. Майсарова, зертхананың мамандары Сметова С.Д., Г.Е Кожикова ұйымдастырылды.
🏫 Шымкент қалалық ДСБ 29.01.2024 ж. №39- н/қ бұйрығын орындау мақсатында Шымкент қалалылық ЖИТС орталығының мамандары АИТВ- инфекциясы бойынша ҚР ДСМ бұйрықтары талаптары және АИТВ инфкциясын алдын алу, анадан балаға жұғудың алдын алу, экспресс-тестілеу (обучение применения экспресс тестирования четвертого поколение, оценка и интерпритация результата.) оқыту және нәтижелерін түсіндіру, АИТВ инфекциясымен өмір сүретін адамдарды ауруына байланысты «таңба басу» қоғамнан аластатуды алдын алу жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілды.
Мақала авторы дәрігер эпидемиолог А.Т. Байкасова

 

23.02.2024 ж. Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледж студенттерімен кездесу өтті.

🏫 Жастар ресурстық орталығы КММ-нің Аутрич және NEET жастармен жұмыс бөлімінің ұйымдастыруымен «Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжінің» жастарына «ЖИТС-тің алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
📊 Кездесуге Аутрич және NEET жастармен жұмыс бөлімінің мамандары Әлім Арайлым және «ЖИТС-тың алдын-алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының» маманы Жүргенбаева Назира қатысты.
👩🏻‍🔬 Іс-шара барысында мамандар жастарға салауатты өмір салтын ұстанып, әрбір азамат өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау жайында кеңінен мағлұмат берді. Сондай-ақ, АИТВ-ның жұғу, оның таралу жолдары мен сақтану шаралары туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

https://cloud.mail.ru/stock/aTABKr1e2p4tYYMym3TFCLC9

📢 23.02.2024 ж. «Мирас» колледжінің студенттеріне дәріс өтті.
🏫 Жастар ресурстық орталығы КММ-нің Аутрич және NEET жастармен жұмыс бөлімінің ұйымдастыруымен АИТВ-инфекциясын алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
📖 Іс-шараның мақсаты – жастарды салауатты өмір салтын ұстануға, АИТВ-инфекциясын алдын-алуға және өз денсаулығына ортақ жауапкершілікпен қарауға шақыру.
👩🏻‍💼Іс-шараға Жастар ресурстық орталығы КММ-нің Аутрич және NEET жастармен жұмыс бөлімінің маманы Әлім Арайлым және «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы» профилактикалық жұмыстар бөлімінің маманы Назира Жургенбаева және «Мирас» колледжінің студенттері қатысты.
📊 Дәріс барысында АИТВ-ның әлем және Қазақстан бойынша таралуы, эпидемиологиялық жағдайы жайлы ақпарат берілді. АИТВ жұқтырған немесе ЖИТС-пен ауыратын адамдарды әлеуметтік қорғау тақырыптары төңірегінде пікір алмасып, жастарды жаман әдеттерден аулақ болуға шақырды.

https://cloud.mail.ru/stock/cmLW9bai9mXUc9uQGdRwYLgw

 

📢 22.02.2024 ж. «Сәлем» әлеуметтік қалашығында жастарға квест өтті.
🏫 «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Аутрич және NEET жастармен жұмыс бөлімінің ұйымдастыруымен «Сәлем» әлеуметтік қалашығында «Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжінің» студенттеріне семинар және квест ұйымдастырылды.
👩🏻‍💼 Кездесу барысында «ЖИТС-тің алдын-алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының» маманы Жүргенбаева Назира жастарға АИТВ-жұқпасы және ЖИТС жайлы негізгі ақпарат беріп, оның жұғу және алдын-алу жолдарын, онымен байланысты стереотиптер жайлы, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды ауруына байланысты «таңба басу» және қоғамнан аластату жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
📖 Бағдарламаға үйрету ойындары мен талқылаулар кірді.
Қатысушылар АИТВ-ға шалдығу қаупі төнген адамның өмірлік тәжірибесін көрме ішімен 15 минутта интерактивтік серуендеу арқылы бастан кешті.

 

📢22.02.2024 ж. № 9 қалалық емхана медицина қызметкерлері арасында дәріс өтті.
🏫2024 жылдың 22-ақпанында Шымкент қаласының № 9 қалалық емхана медицина қызметкерлері арасында дәріс ұйымдастырылып, өткізілді.
Шымкент қалалық ДСБ 29.01.2024ж. №39 – н/қ бұйрығын орындау мақсатында Шымкент қалалық ЖИТС орталығының мамандарымен АИТВ инфекциясын алдын – алу, АИТВ инфекциясы бойынша ҚР ДСМ бұйрықтары талаптары және АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды ауруына байланысты «таңба басу», қоғамнан аластатуды алдын алу жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді
Мақала авторы: эпидемиолог дәрігерлері Ф. Абдиева, Ұ.Байдилдаева.