Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

жаналықтар каз

              Біріктірілген АИТВ/туберкулез инфекциясы мәселесінің өзектілігі.

 

    Туберкулез-қоздырғышы Mycobacterium tuberculosis (МБТ) болып табылатын жұқпалы ауру. Туберкулез инфекциясының негізгі берілу жолы – ауа (аэрогендік). Инфекцияның таралуының негізгі көзі- өкпе туберкулезімен ауыратын адамдар. Аурудың таралуы адам микобактериялармен ластанған ауаны жұтқанда пайда болады.

    Туберкулез микобактериясын 24.03.1882 жылы неміс микробиологы Роберт Кох ашты, ал 1993 жылы ДДҰ бастамасымен 24 наурыз күні Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күні болып жарияланды.

    Туберкулез кез-келген мүшелер мен тіндерге әсер етуі мүмкін, бірақ көбінесе (80-85% жағдайда) өкпе және 15-20% басқа мүшелер (туберкулезді лимфоаденит, сүйектер мен буындар, көмей, зәр шығару жүйесі, ішек, көз, ми) зардап шегеді. Туберкулез микобактерияларын жұқтырған қалыпты иммунитеті бар адамдарда аурудың өмір бойы даму қаупі 10% шегінде бағаланады.

Инфекциядан кейін туберкулездің дамуына ықпал ететін негізгі факторлардың бірі АИТВ-инфекциясы салдарынан иммунитеттің әлсіреуі болып табылады.

1.АИТВ-мен өмір сүретін адамның туберкулезбен ауыру ықтималдығы АИТВ-мен ауыратындарға қарағанда 20 есе жоғары.

  1. Туберкулез-ауруханаға жатқызу мен өлімнің негізгі себептерінің бірі.

3.ТИ бар адамдар арасында АИТВ-инфекциясы аурудың дамуының ең маңызды қауіп факторы болып табылады.

  1. Соңғы 10 жылда біріктірілген АИТВ - инфекциясы бар туберкулез жағдайларының пайызы екі есе өсті.
  2. Біріктірілген АИТВ/туберкулез инфекциясы бар адамдарда емдеудің сәтсіздік қаупі 7 есе жоғары.
  3. АИТВ-мен өмір сүретін адамның профилактикалық емдеу туберкулезбен ауыру қаупін 33% - ға төмендетеді.           

 

                                  Туберкулездің даму белгілері.

 

  1. 2 аптадан астам қақырықпен жөтел.

2.Жоғары температура.

3.Түнгі терлеу.

4.Салмақ жоғалту.

     Мұндай белгілер пайда болған кезде  қақырық анализін G - Xpert молекулалық-генетикалық әдісімен  тестілеуден және рентгенологиялық тексеруден  өту керек.

    АИТВ инфекциясымен (АИТВ) өмір сүретін адамдар жыл сайын медициналық мекемеге барғанда туберкулезге скринингтен өтулері керек.

 

 

Шымкент қаласының ЖИТС-тің алдын

 алу және оған қарсы күрес жөніндегі

орталықтың  фтизиатр дәрігері Узакова К.С.

 

20.03.2024ж. Шымкент қалалық жұқпалы ауруханасында медициналық қызметкерлер  арасында  семинар өткізілді.

        Шымкент қалалық ДСБ 29.01.2024 ж. №39- н/қ бұйрығын    орындау мақсатында Шымкент қаласының ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтың эпидемиолог дәрігері Есенбеков.Т.А.  Шымкент қалалық жұқпалы ауруханасында медициналық қызметкерлер  арасында  семинар өткізді.

       Іс-шара барысында  АИТВ инфекциясы бойынша ҚР ДСМ бұйрықтары, талаптары және АИТВ инфкциясын алдын алу жөнінде баяндама жасап, клиника және эпидемиология көрсеткіштер бойынша пациентерді тексеру, АИТВ ға теске дейнгі және тесттен кеингі кенес беру, аппаттық жағдайлар болғанда қолданылатын шаралар туралы, АИТВ инфекциясымен өмір сүретін адамдарды ауруына байланысты «таңба басу», кемсіту, қоғамнан аластатуды алдын алу жөнінде түсіндіру жұмыстарын  жүргізді.

 Автор:  ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігері Есенбеков.Т.А.

17 – наурыз «Шаңырақ» күні

      Қазақ мәдениетінде шаңырақтың қадір-қасиеті айрықша. Ол – әрі аспан күмбезі, әрі үй-жай, әрі тірек, әрі бақуаттылық пен қауіпсіздік және ұрпақтар сабақтастығы. Ол – ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан материалдық және рухани мұра, сонымен қатар отбасының тұрақтылығы мен ұрпақтың үздіксіз жалғасуының символы. Сондықтан  қазақ халқы жас жұбайлардың отау құрып, шаңырақ көтеруіне ерекше мән беріп,  «Шаңырақ көтеру» атты ерекше дәстүр-салттын ұстанған.  Қазіргі таңда да  қазақ халқы бұл дәстүрге айрықша  мән беруде . 17 – наурыз «Шаңырақ» күнін атап өтуді үрдіске айналдырып,  жас ұрпаққа тәрбиелеу мәдениетін көрсете отырып, олардың бойында жауапкершілік,  адамгершілік, парасаттылық  пен еңбекқорлыққа деген құштарлықты қалыптастыруға баулуда.

18 наурыз —«Ұлттық киім» күні!

       Әр ұлтты ерекшелендіретін –  өзіндік дәстүрлі құндылықтары бар. Соның бірі ұлттық киім үлгісі. Ұлттық киім – кез келген халық мәдениетінің ажырамас бөлшегі. Ол жай ғана киім емес, бүтін ұлттың бет-бедерін айқындар ұлан-ғайыр тарих. Халқымыздың  киім үлгісінде  барша сәнділігі мен  ою-өрнегінде, әрбір әшекейінде халқымыздың тарихының, ой-дүниесінің қайталанбас көрінісі жатыр. Сондай-ақ ерте замандардан бүгінге дейін өзінің қадір-қасиетін жоймай, қазақ қолөнерінің озық үлгісі ретінде ғана емес, әрі әсем, әрі ыңғайлылығымен де пайдаланудан қалмай келеді. Сондықтан, дәстүрімізге сай, атадан-балаға мирас болып келе жатқан ұлттық киімдерді ұлықтау мақсатында өтетін «Ұлттық киім»

күнінің маңызы зор.

       Сенбілік – тазалық кепілі.  Шымкент қаласының ДСБ «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МКҚК ұжымы « Наурыз» мерекесінің қарсаңында сенбілік ұйымдастырды.

       Іс-шара барысында орталықтың қызметкерлері қажетті құрал-жабдықтармен, қолғаптар мен қоқыс салатын қаптармен қамтамасыз етілді. Ортақ күш-жігердің арқасында  барлық жерде тазалық орнап, аула ажарлана түсті.

        Сенбілік – бұл ұжымдық рухты, бірегейлікті, ауызбіршілікті көрсететін керемет шара. Сенбілікке шығу арқылы тазалыққа деген жауапкершілік те нығаяды. Сенбілік – бұл игі дәстүр!


«Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Аутрич және NEET жастармен жұмыс бөлімінің ұйымдастыруымен «Сәлем» әлеуметтік қалашығында Индустриалды-техникалық колледжінің студенттеріне семинар және квест ұйымдастырылды.
Кездесу барысында «ЖИТС-тың алдын-алу және онымен күрес орталығының» маманы Жүргенбаева Назира жастарға АИТВ-жұқпасы және ЖИТС жайлы негізгі ақпарат беріп, оның жұғу және алдын-алу жолдарын, онымен байланысты стереотиптер жайлы, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды ауруына байланысты «таңба басу» және қоғамнан аластату жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бағдарламаға үйрету ойындары мен талқылаулар кірді.
Қатысушылар АИТВ-ға шалдығу қаупі төнген адамның өмірлік тәжірибесін көрме ішімен 15 минутта интерактивтік серуендеу арқылы бастан кешті.

14 наурыз қазақ халқында – көрісу күні, амал мерекесі. Бұл мереке — күн мен түннің теңелген тұсында, қыстың бейнеті мен қиындығынан аман-есен шығып, халықтың Наурыз мерекесі алдында мәре-сәре болатын күн. Үлкен кіші бір-біріне сәлем беріп, көрісіп,  «Жаңа жасың құтты болсын», «Бір жасыңмен», «Жасыңа жас қосылсын», «Амал мерекесі құтты болсын» деп амандасып, кәде-сыйларын тапсырады. Бұл күн қол алысып, көрісумен ғана өлшенбейді, адамдар арасындағы бұрынғы өкпе-реніш кешіріліп, араздық ұмытылады, жақын адамдар бір-біріне амандық-саулық тілейді. Көрісу — ағайын мен туыс арасындағы байланысты бекітетін, жаңа жылда, жаңа күнде, жаңа өмір бастауға ниет етеді.

Амал күні қазағым көріседі,

Көрісу бұл көненің жемісі еді.

«Жасың құтты болсын!» деп жамырасып,

 Ақ ниетпен, адал қол беріседі. 

Көрісу мерекесі құтты болсын!