Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

жаналықтар каз

15.02.2024ж. №4 қалалық емхана медицина қызметкерлері арасында дәріс өтті.

2024 жылдың 15-ақпанында Шымкент қаласының №4 қалалық емхана медицина қызметкерлері арасында дәріс ұйымдастырылып, өткізілді.

Шымкент қалалық ДСБ 29.01.2024ж. №39 – н/қ бұйрығын орындау мақсатында Шымкент қалалық ЖИТС орталығының  мамандарымен АИТВ инфекциясын алдын – алу, АИТВ инфекциясы бойынша ҚР ДСМ бұйрықтары талаптары және АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды ауруына байланысты «таңба басу», қоғамнан аластатуды алдын алу жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Мақала авторы: эпидемиолог дәрігерлері Ф. Абдиева,  Ұ.Байдилдаева.

14.02.2024 ж.  №3 қалалық  емханада медициналық қызметкерлердің арасында семинар өтті.

     Шымкент қаласының ДСБ 29.01.2024 ж. №39- н/қ бұйрығын орындау мақсатында Шымкент қаласының ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтың эпидемиолог дәрігерлері  №3 қалалық  емханада медициналық қызметкерлердің арасында семинар өткізді. Іс-шара барысында АИТВ инфекциясы бойынша ҚР ДСМ бұйрықтары, талаптары және АИТВ инфкциясын алдын алу жайында баяндама жасап, АИТВ инфекциясымен өмір сүретін адамдарды ауруына байланысты «таңба басу» яғни кемсіту, қоғамнан аластатуды алдын алу жөнінде түсіндіру жұмыстарын  жүргізді.

Мақала авторы дәрігер эпидемиолог А.Т. Байкасова

 

 

 

09.02.2024 ж.  Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде кездесу  өтті.

Жастар ресурстық орталығы Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтың алдын алу бөлімінің маманы Жургенбаева Назираның қатысуымен кездесу ұйымдастырды.

Кездесуде Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес» жөніндегі орталығының маманы Жургенбаева Назира қатысып, салауатты өмір салтын ұстану қағидалары мен АИТВ-инфекциясын жұқтырмаудың амалдары  жөнінде айтып берді. АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды ауруына байланысты «таңба басу» және қоғамнан аластатуды алдын алу жөнінде де түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

 

 

09.02.2024 ж. Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде дәріс өтті.

Шымкент қаласының ДСБ «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МКҚК-нің ұйымдастыруымен, «АИТВ-инфекциясын жастар арасында алдын алу» тақырыбында, физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі жоғары сынып оқушыларымен кездесу өтті.

Маман жастарға АИТВ-инфекция және ЖИТС  жайлы негізгі ақпарат беріп,  оның  жұғу  жолдарын,  алдын-алу   амалдарын түсіндіріп, сол арқылы жастардың өз еркімен тексерілуге талпынысын жоғарлатуға бас назар аударды.

Сөз соңында сала маманы жастарды жаман әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстанып, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды ауруына байланысты «таңба басу» және қоғамнан аластатуды алдын алу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

08.02.2024 жылы «Сәлем» әлеуметтік қалашығында семинар өтті.

2024 жылдың 08 ақпан күні «Сәлем» әлеуметтік қалашығында, Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орай Қалалық ЖИТС орталығының маманы Индустриалды-техникалық колледж  студенттеріне науқан ұйымдастырды. Қатысушылар  АИТВ-ға  шалдығу  қаупі  төнген  адамның өмірлік  тәжірибесін  көрме  ішімен  15  минутта  интерактивтік серуендеу  арқылы  бастан  кешті.

Мамандар жастарға АИТВ-жұқпасы және ЖИТС  жайлы негізгі ақпарат беріп,  оның  жұғу  жолдарын,  алдын-алу   жолдарын,  онымен  байланысты  стереотиптер  жайлы,  АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды ауруына байланысты «таңба басу» және қоғамнан аластатуды алдын алу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бағдарламаға  үйрету ойындары мен талқылаулар кірді.

 

04.10.2023 «АИТВ-инфекциясын жастар арасында алдын алу» тақырыбында  №96 мектепте кездесу  өтті.

 🏫 Шымкент қаласының ДСБ «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МКҚК-нің ұйымдастыруымен, «АИТВ-инфекциясын жастар арасында алдын алу» тақырыбында, №96 мектеп жоғары сынып оқушыларымен кездесу өтті.

📈 Маман жастарға АИТВ-инфекция және ЖИТС  жайлы негізгі ақпарат беріп,  оның  жұғу  жолдарын,  алдын-алу   амалдарын түсіндіріп, сол арқылы жастардың өз еркімен тексерілуге талпынысын жоғарлатуға бас назар аударды.

👩🏻‍🏫 Сөз соңында сала маманы жастарды жаман әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстанып, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды ауруына байланысты «таңба басу» және қоғамнан аластатуды алдын алу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.