Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

жаналықтар каз

16.11.2020      Пресс-релиз

2020 жылғы Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес кампаниясы

 

          Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні – 1 желтоқсанда атап өтіледі.  Алғаш рет осы күнді 1988 жылы ДДҰ жариялады.

2020 жылы COVID-19 пандемиясы адамзаттың денсаулық мәселелеріне және өмірге қалай әсер ететініне назар аударды. COVID-19 денсаулықтың теңсіздікті азайту, адам құқықтары, гендерлік теңдік, әлеуметтік қорғау және экономикалық өсу сияқты басқа да маңызды проблемалармен тығыз байланысты екенін тағы бір рет көрсетті. Осыған байланысты 2020 жылғы Дүниежүзілік ЖИТС-пен күресу күнінің тақырыбы «Жаһандық ынтымақтастық, ортақ жауапкершілік» болды.

Жаһандық ынтымақтастық пен жалпы жауапкершілік бізден денсаулық сақтау саласындағы жаһандық жауаптарға, соның ішінде ЖИТС-қа жауап беру шараларына жаңа көзқарасты талап етеді.

        Шымкент қаласында АИТВ-инфекциясы алғаш рет 1993 жылы анықталды.                     2020 жылдың 1 қарашасына дейін өсінді қорытындысымен 2189 жағдай тіркелді. АИТВ-жұқтырғандардың жас топтарына қарай жұқтырудың жоғары деңгейі               15-49 жас аралығында – 82,5%. 100 мың халыққа АИТВ-инфекциясының таралуы бойынша шаққанда Шымкент қаласының көрсеткіші орташа республикалық көрсеткіштен төмен және қала республика бойынша 8 орында. АИТВ инфекциясының жұғу жолдарының жаңа жағдайына талдау жасағанда жыныстық қатынас арқылы жолы басымдау екені анықталды – 79,2%, қан арқылы жұғу жолына – 15,0%. АИТВ-жұқтырған ерлердің үлесі 67,5%, ал әйелдер 32,5% құрайды.

Бүгінгі таңда АИТВ-мен өмір сүретін 1305 адам антиретровирустық терапияны қабылдап, олардың 91% вирустық супрессия байқалды. Антиретровирусты терапияның қол жетімділігінің кеңейту  арқасында АИТВ инфекциясынан науқастану және өлім жағдайлары азаюда. АРТ қабылдаушылардан вирус жұғу қаупі төмендеді. АИТВ-на тестілеу АИТВ статусын білуге және терапияны алуға  мүмкіндік береді, АИТВ инфекциясына тестілеу және емделу тегін жүргізіледі. Жүкті әйелдерде АИТВ жұқпасын уақтылы анықтауға және анадан балаға берілу жолдарын алдын алуға көмегін тигізуде.

         Бүгінгі таңда алдын алу іс-шараларымен медицина қызметкерлері, студенттер  мен оқытушылар, бизнес-құрылымдар ғана емес  халықтың осал топтары: 2898 иньекциялық есірткі тұтынушы тұлғалар, 2031 секс қызметкері, 584 еркектермен жыныстық қатынасқа түсетін еркектер, 3391 бас бостандығынан айрылғандар қамтылуда.

 

 

                Бас дәрігер м.а.                                                            К. Маширов

 

 

Орынд. Ахмедова Э.

Тел.: 310939

15.10.2020   Жастар арасында АИТВ/ЖИТС-ті алдын алуына

бағытталған онлайн кездесу өтті.

15.10.2020 жылы Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының  «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МКҚК-ның  және Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» МКҚК-ның  мамандары Zoom видео-байланыс ақпараттық жүйесінде онлайн кездесу ұйымдастырып, өткізді.

Кездесуге:М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының Шымкент көлік колледж, Шымкент жоғары педагогикалық колледжі және Жол-көлік колледж студенттері қатысты.

Іс-шара мақсаты: жастар мен жасөспірімдер арасында АИТВ инфекциясын алдын-алу, сақтану шаралары туралы кеңінен түсіндіру, салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Кездесу алдында және кездесуден кейін «АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу» тақырыбында оқушылардың білімін анықтайтын онлайн сауалнама өткізілді.

Мақала авторы: Н.Жургенбаева.