Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

жаналықтар каз

 Қазығұрт медициналық орталығының қызметкерлеріне әдістемелік көмек көрсетілді.
🏤Шымкент қалалық ДСБ 29.01.2024 ж. №39- н/қ бұйрығын орындау мақсатында Шымкент қаласының ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтың эпидемиолог дәрігері А. Байкасова, Қазығұрт медициналық орталығының медициналық қызметкерлеріне оқу-әдістемелік көмек көрсету жұмыстарын жүргізді.
🕤Іс-шара барысында АИТВ инфекциясы бойынша ҚР ДСМ бұйрықтары, талаптары және АИТВ инфкциясын алдын алу жөнінде түсіндіру жұмыстары өткізілді.
№2 статистикалық форма, код бойынша, дұрыс код қою мәселелері және ҚРДСМ-211/2020 бұйрықа сәйкес 32 клиникалық көрсіткіштерге сүйеніп, АИТВ-инфекциямен ауыратын науқастарды бастапқы сатысында анықтау түсіндіру жұмыстарын жүргізілді. Жүкті әйелдердің уақытпен есепке алу АИТВ инфекциясына 2 рет тексеру және олардын жыныстық серіктестерінің АИТВ-инфекциясына тексеру жұмыстарын қарау.
⏳Егу бөлмесі преаналитикалық кезеңінде жіберілетін кемшіліктерді алдын алу және рецепиенттерді АИТВ-инфекциясына мерзіміне сәйкес уақытылы тексеруді қадағалау мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
👩‍⚕️Мақала авторы дәрігер эпидемиолог А.Т. Байкасова

Шымкент жоғары медицина колледжі студенттеріне науқан өтті.
🏥 2024 жылдың 03 сәуір күні Дүниежүзілік денсаулық күніне орай Шымкент жоғары медицина колледжі студенттеріне ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық және Психикалық денсаулық орталығы мамандарының қатысуымен науқан өткізілді. Жасөспірімдерді зиянды әдеттерден алшақ болуға, салауатты өмір салтын ұстауға насихаттады.
📑 АИТВ-ның жұғу, таралу жолдары мен сақтану шаралары жайлы кеңінен мағұлмат беріп, студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді. АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды ауруына байланысты «таңба басу» және қоғамнан аластатуды алдын алу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
👩‍🏫 ЖИТС орталығының мамандары АИТВ-жұқпасына өз еркімен жедел-тест әдісімен тексерілу жұмыстарын ұйымдастырып, тестіге дейін және тестіден кейінгі кеңестер берді. 

Шымкент жоғары медицина колледжі студенттеріне науқан өтті.
2024 жылдың 03 сәуір күні Дүниежүзілік денсаулық күніне орай Шымкент жоғары медицина колледжі студенттеріне ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық және Психикалық денсаулық орталығы мамандарының қатысуымен науқан өткізілді. Жасөспірімдерді зиянды әдеттерден алшақ болуға, салауатты өмір салтын ұстауға насихаттады. АИТВ-ның жұғу, таралу жолдары мен сақтану шаралары жайлы кеңінен мағұлмат беріп, студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді. АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды ауруына байланысты «таңба басу» және қоғамнан аластатуды алдын алу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
ЖИТС орталығының мамандары АИТВ-жұқпасына өз еркімен жедел-тест әдісімен тексерілу жұмыстарын ұйымдастырып, тестіге дейін және тестіден кейінгі кеңестер берді. 

04.04.2024.ж Шымкент қаласының ЖИТС орталығы «Ағаш егу» акциясын өткізді
🍃 Акцияның мақсаты – тұрғындарды эко-саналы өмір сүруге және табиғатты қорғауға үндеу. Орталықтың бас дәрігері ағаш егу рәсіміне қатысып, экологиялық науқанға атсалысты.
🌲 Осы акция аясында орталықтың еңбегі сіңген, құрметті қызметкерлері қарағай көшеттерін отырғызып, көгалдандыру жұмыстарына өз үлестерін қосты.

02.04.2024 ж. Шымкент қалалық Тұрлан медикал ЖШС жекеменшік медицина орталығының медицина қызметкерлерімен семинар-дәріс өтті.
🧧 Шымкент қалалық ,,Тұрлан медикал,, ЖШС жекеменшік медицина орталығының медицина қызметкерлерімен ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтың алдын алу бөлімінің эпидемиолог-дәрігері Ертаев Асқар Сансызбаевичтың қатысуымен семинар ұйымдастырылды.
📆 Семинарда Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес» жөніндегі орталығының эпидемиолог-дәрігері Ертаев Асқар Сансызбаевич қатысып, ҚР ДСМ-нің 27.11.2020 жылғы АИТВ-инфекциясының бар-жоғына міндетті құпия медициналық зерттеп-қарау қағидаларын бекіту туралы, 2020 жылғы 25-қарашадағы ҚР ДСМ-204/2020 АИТВ-инфекциясының профилактикасы саласында қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде АИТВ инфекциясы мәселелері бойынша ерікті түрде анонимдік және құпия медициналық зерттеп-қаралу және консультация алу қағидаларын бекіту туралы бұйрықтарының талаптарын түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

19.03.2024 ж. Шымкент қалалық диагностикалық орталығының медицина қызметкерлері арасында дәріс өтті.
🏫2024 жылдың 19 -наурызында Шымкент қалалық Диагностикалық орталықтың медицина қызметкерлері арасында дәріс ұйымдастырылып, өткізілді.
Шымкент қалалық ДСБ 29.01.2024ж. №39 – н/қ бұйрығын орындау мақсатында Шымкент қалалық ЖИТС орталығының мамандарымен АИТВ инфекциясын алдын – алу, АИТВ инфекциясы бойынша ҚР ДСМ бұйрықтары талаптары және АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды ауруына байланысты «таңба басу», қоғамнан аластатуды алдын алу жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді
Мақала авторы: эпидемиолог дәрігерлері Ф. Абдиева, Ұ.Байдилдаева

20.03.2024ж. Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында медициналық қызметкерлер арасында семинар өткізілді.
🏫 Шымкент қалалық ДСБ 29.01.2024 ж. №39- н/қ бұйрығын орындау мақсатында Шымкент қаласының ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтың эпидемиолог дәрігері Есенбеков.Т.А. Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында медициналық қызметкерлер арасында семинар өткізді.
🏥 Іс-шара барысында АИТВ инфекциясы бойынша ҚР ДСМ бұйрықтары, талаптары және АИТВ инфкциясын алдын алу жөнінде баяндама жасап, клиника және эпидемиология көрсеткіштер бойынша пациентерді тексеру, АИТВ ға теске дейнгі және тесттен кеингі кенес беру, аппаттық жағдайлар болғанда қолданылатын шаралар туралы, АИТВ инфекциясымен өмір сүретін адамдарды ауруына байланысты «таңба басу», кемсіту, қоғамнан аластатуды алдын алу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
👨🏻‍🔬 Автор: ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігері Есенбеков.Т.А.