Ақылы қызмет көрсету шарттары:

Ақылы қызметтер пациенттерге келесі жағдайларда ұсынылады:

1) өздерінің бастамасы бойынша, оның ішінде бірінші және екінші деңгейлердегі мамандардың жолдамасынсыз медициналық көмек көрсету;

2) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінен тыс және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету;

3) денсаулық сақтау ұйымының дәрілік формулярына енгізілмеген дәрілік заттармен емдеу;

4) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесіне және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмектің тізбесіне кірмейтін және (немесе) медициналық көрсетілімдерсіз медициналық зерттеулер жүргізу;

5) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінде көзделмеген және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру көлемінен тыс медициналық зерттеп-қарау;

6) шарт бойынша;

7) Кодекстің 83-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға медициналық көмек көрсету кезінде ұсынылады

8) ақылы қызметтер көрсетуге арналған медициналық бұйымдар болған кезде көрсетіледі

9) ақылы қызметтер қатаң түрде шартта көрсетілген тізбе бойынша көрсетіледі (мысалы: егер шартта тек зертханалық қызмет көрсетілсе, онда нәтижелер бойынша дәрігерлік консультация берілмейді).

10) ақылы қызметтер толық алдын ала төленген кезде көрсетіледі. Төлем жүргізілгеннен кейін  ақылы қызметтен  бас тартқан жағдайда, пациент бірінші басшының атына жазбаша өтініш береді. Мұндай жағдайларда қаражатты қайтару жұмсалған күштер мен қаражат  барабар жүргізіледі. Медициналық бұйымдар шығындарымен қызметтерді толық орындаған кезде - қаражатты қайтару жүргізілмейді.

 

Медициналық қызметтерді ұсыну нысаны:

- Тікелей жүгінген кезде,

- Егер шартта өзгеше көзделмесе, әртүрлі байланыс құралдарын пайдалана отырып онлайн-қызметтер немесе қашықтықтан қызметтер көрсету жүргізілмейді

 

Төлем тәртібі: төлем теңгемен, кәсіпорынның кассасы арқылы, кәсіпорынның арнайы есеп айырысу шотына қолма-қол ақшасыз төлемдермен немесе қаржылық құжатты ресімдей отырып, ҚР-да рұқсат етілген басқа да тәсілдермен жүргізіледі.