жаналықтар каз

Шымкент қалалық № 11 емханасы мен № 2 аурухана емханасына қарасты түзеу мекемелерінің медицина қызметкерлерімен кеңес өтті.
🏥 Шымкент қалалық № 11 емханасы мен № 2 аурухана емханасына қарасты түзеу мекемелерінің медицина қызметкерлерімен ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтың алдын алу бөлімінің эпидемиолог-дәрігері Ертаев Асқар Сансызбаевичтың қатысуымен кеңес ұйымдастырылды.
⚖️ Кеңесте Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес» жөніндегі орталығының эпидемиолог-дәрігері Ертаев Асқар Сансызбаевич Шымкент № 11 қалалық емханасы мен Шымкент қалалық № 2 аурухана емханасына қарасты түзеу мекемелерінің медицина қызметкерлері қатысып, ҚР ДСМ-нің 27.11.2020 жылғы АИТВ-инфекциясының бар-жоғына міндетті құпия медициналық зерттеп-қарау қағидаларын бекіту туралы, 2020 жылғы 25-қарашадағы ҚР ДСМ-204/2020 АИТВ-инфекциясының профилактикасы саласында қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде АИТВ инфекциясы мәселелері бойынша ерікті түрде анонимдік және құпия медициналық зерттеп-қаралу және консультация алу қағидаларын бекіту туралы бұйрықтарының талаптарын орындау барысындағы проблемалар мен оларды шешу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

 

ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСУ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «АИТВ-инфекциясын алдын алу» тақырыбында «Индустриалды – техникалық колледж» МКҚК жастарына кездесу ұйымдастырылды.

Мақсаты - АИТВ-инфекциясын алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Кездесуде Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының» алдын алу бөлімінің дәрігер эпидемиолог Байқасова Айгүл Тілеуханқызы қатысып, кәмелетке толмаған жастар арасында, АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу мәселелері жайында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар сала маманы жаман әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.

https://cloud.mail.ru/public/unNv/FDG8PWUV9

Шымкент қаласының  «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» ұжымы 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнін атап өтті.

       8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні. Шымкент қаласының  ЖИТС орталығының  ұжымы әйелдер қауымын  айтулы мерекемен құттықтап, бірқатар тілектер мен  өлеңдер топтамасын назарларына ұсынды. Аталмыш мереке барысында «AQNIET»  «Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ Шымкент қаласы және Түркістан облысы филиалы дәрігер эпидемиолог У.С. Байділдаеваны, дәрігер эпидемиолог А.Т. Байкасованы, инфекционист дәрігер А.Т. Кожабаеваны, зертханашы Г.К.Мусаеваны, прови́зор Г.А. Шегебаеваны құрмет грамотасымен марапаттады.

        

 

Шымкент қалалық ДСБ 29.01.2024 ж. №39- н/қ бұйрығын    орындау мақсатында Шымкент қаласының ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтың эпидемиолог дәрігері А. Байкасова,  №13 қалалық емханада  медициналық қызметкерлердің арасында  семинар өткізді,  іс-шара барысында  АИТВ инфекциясы бойынша ҚР ДСМ бұйрықтары, талаптары және АИТВ инфкциясын алдын алу жөнінде баяндама жасап, АИТВ инфекциясымен өмір сүретін адамдарды ауруына байланысты «таңба басу», кемсіту, қоғамнан аластатуды алдын алу жөнінде түсіндіру жұмыстарын  жүргізді.

Мақала авторы дәрігер эпидемиолог А.Т. Байкасова

1 наурыз - Алғыс айту күні. Алғыс айту күні бірлігі бекем елдің мерейлі мерекесі. Аманат партиясы Тұран ауданы «Болашақ» бастауыш партия ұйымының төрайымы және Шымкент қаласының ДСБ «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МКҚК-нің бас дәрігері Б.Сырбек  орталықтың қызметкерлерін  алғыс айту күніне орай атқарған еңбектері үшін құттықтап, сый-сияпат тапсырды.