жаналықтар каз

08.09.2021 ж. «АИТВ/ЖИТС–тің алдын алуы» тақырыбында

студенттермен кездесу өтті.

2021 жылдың 08 қыркүйек күні Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Жеңіл өнеркісіп және сервис колледжі студенттерінің қатысуымен, жастар арасында АИТВ/ЖИТС–тің алдын алуы мақсатында арнайы сала мамандарының қатысуымен кездесу өтті.

Тыңдаушылар іс-шара барысында АИТВ/ЖИТС алдын алуы туралы шынайы ақпарат ала отырып, физиологиялық және әлеуметтік тұрғыдан бей-берекет жыныстық қатынасқа түсетін жастарды күтіп тұрған қиындықтар жайлы сұрақтар талқыланып, тұжырым жасалды.

Мақала авторы: мұғалім Н.Жургенбаева.

02.09.2021 ж. «НАШАҚОРЛЫҚПЕН БІРГЕ КҮРЕСЕЙІК» атты науқан М.Қажымұқан атындағы орталық стадионында ұйымдастырылды.

2021 жылдың 02 қыркүйек айында М.Қажымұқан атындағы орталық стадионында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы», Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының  «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы» және «Шымкент қаласы бойынша жауынгерлік өнер қауымдастығы» қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар және Республикалық қоғамдық бірлестігінің Шымкент қаласы «Кикбоксинг бірлескен федерациясының» ұйымдастыруымен «Нашақорлықпен бірге күресейік!» тақырыбында іс-шара өтті.

Іс - шараның мақсаты жастарды нашақорлықтан аулақ болып, уақытты тиімді пайдаланып, өз елінің қырағы болуға тәрбиелеу. Сонымен қатар түрлі кереғар діни ағымдардан адаспай, жастар арасында АИТВ-инфекциясын алдын-алуға және өз денсаулығына ортақ  жауапкершілікпен қарауға шақыру болып табылады.

Мақала авторы: мұғалім Н.Жургенбаева.

 

            Маңызды мәселенің бірі: АИТВ–ның анадан балаға жұғуы

 

       АИТВ (адамның иммундық тапшылық вирусы) –  адам ағзасына өте қауіпті вирустардың бірі. Ол иммундық жүйені зақымдап, ағзаны әр түрлі инфекциядан қорғау мүмкіншілігін жояды.

       Өзіңді және өз балаңды АИТВ – дан қалай қорғау  керек ?  Әрине, ол үшін АИТВ –ның берілу жолдарын білген дұрыс. АИТВ-ның берілу жолдары:

1.АИТВ – жұқпаланған анадан балаға жүктілік кезінде, босанғанда немесе емізгенде беріледі;

  1. Кездейсоқ адаммен жыныстық қарым қатынасқа түскен жағдайда;

3.АИТВ – жұқпаланған  адамға қолданылған инелер мен шприцтер стериленбегенде.

      Сонымен  АИТВ – инфекциясының анадан балаға берілу жолдарын алдын алу дегеніміз не? Анадан  балаға берілуін алдын алудың (әрі қарай АББА)  негізгі әдістері жүктілік кезінде, босанғанда және бала туылғаннан кейін  антивирусты препараттармен  жүргізу, жоспарланған кесар тілігін жүргізу, жүктілік кезінде  және босанған аналарға ұсыныс беру яғни баланы еміздірмей жасанды тамақтандыру, балаға  антиретровирусты (әрі қарай АРВ) препараттарын 6 ай үзбей беру, анасы  жүйелі түрде арнайы кесте бойынша АРВ препараттарын ішу қажет. Ана мен  баланы қорғау қызметтерінің амбулаторлы – емханалық мекемелерінде жүкті әйелдерге тест алдында  АИТВ–инфекциясы туралы түсіндіру жұмысы жүргізіледі. Тесттен кейінгі түсіндіру жұмысы тесттің нәтижелерін түсіндіруімен жүргізіледі. Егер тесттің нәтижесі теріс болса, онда әйелдерге АИТВ –инфекциясын алдын алу шаралары туралы еске салынады және АИТВ-ға тестілеуді қайталап өткізу үшін күнін анықтайды. ҚР – ның іске қосылған бұйрықтарына сәйкес барлық жүкті әйелдер АИТВ –тестісі екі рет жүргізіледі. Бірінші ретті тестілеу жүктілік бойынша   біріншілік есепке алынған кезде, ал екінші ретті тестілеу жүктіліктің 28-30 аптасында жүргізіледі. АИТВ-ға  жасалатын қайталмалы анализ өте маңызды. Бірінші рет жүргізілген зерттеуден кейін ауру анықталмауы мүмкін. Себебі антиденелердің анықталу мезгілі жұғу уақытынан  3 айға дейін жүреді. Босану мен баланы емізу АИТВ – инфекциясы берілудің қауіпті жолдарының бірі болғандықтан, міндетті түрде қолданылатын шаралар – бұл кесар тілігі және баланы емізуден бас тарту. АББА –ның барлық этаптарын қатаң қадағалап, ана мен баланы қорғау қызметі мен ЖИТС орталығының бірлесуімен ғана жоюға болады. Сонымен қатар акушерство және гинекология бөлімінің қызметкерлері тест алды және тестен кейінгі жүкті әйелдерге жүргізетін консультациялары осы үлкен мәселенің шешімінің дұрыс жолдарының бірі болып табылады.

 

 

                                      Б.Д.Майсарова  Шымкент қаласы                                                       ЖИТС орталығының

                                                                                           гинеколог маманы

 

 

 

АИТВ – инфекциясы және бүйрек зақымдануы

АИТВ - адамның иммун тапшылығы вирусы. АИТВ-жұқпасы ұзақ уақыт бойы ешбір белгісіз өтуі мүмкін. Алайда уақыт өте иммун тапшылығы вирусы адамның дене мүшелерін зақымдайды.  Сол себепті де адамдар бұл вирустың белгілерін басқа аурулармен шатастырып жүреді, мысалы: қызба, диарея, лимфа бездерінің ұлғаюы, т.с.с.. Сондықтан өз денсаулығыңызға дер кезінде мән беріп, АИТВ-на анализ тапсыру өте маңызды. Бұл вирусты  жұқтырған науқастар антиретровирусты препараттар қабылдамаған жағдайда бүйрек ауруларымен жиірек ауырады. АИТВ жұқтырған адамдарда вирус пен бактериялар жылдам көбейіп, бүйрек өзекшелері мен аралық тінінің (интерстиция) қабынуына алып келеді.

Жиі адамның иммун тапшылығы вирусымен өмір сүретін адамдарда бүйрек жетімсіздігі АИТВ-ассоциацияланған нефропатияның (АИТВ-ның бүйрек тіндерінде болуынан туындайтын бүйректің ерекше зақымдануы)  нәтижесінде пайда болады.

АИТВ-ассоциацияланған нефропатия ерекшеліктері - бүйрек жетіспеушілгінің тез дамуы және жоғары деңгейдегі протеинурия (зәрде белоктардың жоғары болуы), бұл кезде науқастың артериялық қан қысымы қалыпты деңгейде болуы мүмкін. Мұндай жағдайда науқастың ауруын жеңілдету мақсатында бүйрек тіндеріндегі вирустың белсенділігін тежейтін дәрілер тағайындалады, соның есебінен бүйрек қызметі жақсарады. Яғни науқастарға бүйрек жетіспеушілігіне жеткізбеу мақсатында вирусқа қарсы препараттар тағайындалады.

Қазіргі таңда вирустың белсенділігін төмендетуге, иммунитетті көтеруге және ағзаның вируспен өздігінше күресуіне бағытталған препараттар бар және олар ЖИТС-пен күресу орталығында тегін беріледі. Сол себепті  АИТВ жұқтырған адамдар кез-келген вирустар мен инфекциялардан сақ жүруі керек және антиретровирусты препараттар қабылдауы тиіс.

Адамның иммун тапшылығы вирусы өте аяусыз әсер ететінін әрқашан жадымызда сақтаған жөн. Сондықтан денсаулығымызды қорғап жүруді естен шығармайық. Ал сақтану әдістері өте қарапайым және әрбір адам баласына қол жетімді. Алдымен тікелей қанмен жұмыс жасағанда латекс колғаптарын кию, бір реттік шприцтерді қолдану. Екіншіден, есірткі заттарынан аулақ болу, үшіншіден, кездейсоқ жыныстық қатынаста болмау.

Дене шынықтыру және дұрыс тамақтану ағзаның нығаюына, барлық вирустар мен инфекцияларды ертерек жеңуге мүмкіндік жасайды.

Сақтық шараларын сақтап, аман жүрейік!

 

                                                       Шымкент қ. ЖИТС орталығының терапевт дәрігері Ашыкбекова А. Т.