жаналықтар каз
📢АИТВ-инфекциясына өз еркімен тексерілуге ниет білдірген азаматтар өз таңдауы бойынша келесі түрде тексерілуі мүмкін:
1) анонимді/жасырын түрде (жеке басын куәландыратын құжат талап етілмейді);
2) құпия түрде (жеке басын куәландыратын құжат, үй мекен-жайы, телефон нөмірі көрсетіледі).
👩🏻💼Тексеру алдында АИТВ-инфекциясы бойынша тестілеуге дейінгі кеңес алуға болады. Тестілеуге дейінгі кеңес – адамға стрессті жеңуге және АИТВ -ға тексерілуге қатысты жеке шешім қабылдауға көмектесу үшін клиент пен кеңес беруші арасындағы құпия диалог.
👩🏻🔬 ЖИТС орталығында мына мекен-жай бойынша тексерілуге болады:
🏥 Шымкент, Кремль көшесі, 11/10
📞 +7(7252) 56-27-70.
🕘 Қан алу бөлмесінің жұмыс істеу тәртібі:
Жұмыс күндері сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін.
13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліс.
❌ cенбі жексенбі қан алу бөлмесі жұмыс істемейді
📢 Граждане изъявившие желание пройти добровольное медицинское обследование на ВИЧ-инфекцию, обследуются по их выбору:
1) анонимно (документы не требуются);
2)конфиденциально (предоставляется документ, удостоверяющий личность, домашний адрес, телефон).
👩🏻💼 Перед обследованием вы можете пройти дотестовое консультирование по вопросам ВИЧ-инфекции. Дотестовое консультирование —это конфиденциальный диалог между клиентом и консультантом, помогающим человеку справиться со стрессом и принять личные решения, связанные с обследованием на ВИЧ-инфекцию.
👩🏻🔬 Сдать анализ можно в центре СПИД по адресу:
🏥 г.Шымкент, ул.Кремлевская, 11/10
📞 +7(7252) 56-27-70.
🕘 График работы кабинета забора крови
В будние дни с 09.00 до 17.00.
с 13.00 до 14.00 обеденный перерыв.
❌В субботу и воскресенье кабинет забора крови не работает.
29.01.2024 ж. ОРТАҚ МҮДДЕЛІ ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ ТҮЗІЛДІ
✍️ ««Сәлем» мәдениет және білім беру қоғамы» қоғамдық бірлестігі мен Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МКҚК мекемелері арасында бірлескен меморандум бекітілді.
🔹 Меморандум қоғамдық бірлестіктің аймағында орналасқан «ЭкСПИДиция» квесті негізінде, жастар арасында АИТВ-ның алдын алуына бағытталған іс-шараларды жүргізу мақсатында түзілді.
24.01.2024 ж. ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Абай ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастырумен “Заң және заман” тақырыбында кездесу өтті. Кездесу №35 мектеп жастары арасында өтті.
Іс-шараға:Тұран ауданы қызметкері Зайнулаева Ақмарал Абибулақызы, Тұран ауданы полиция қызметкері Құдайберген Төлегенұлы, теолог маман Садық Диана, ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық маманы Айгүл Тілеухановна және “Alem” мектебінің директоры Алтынбек Срайылұлы қатысты. Жастар өз сұрақтарына жауап алып, оларға арнайы бейнероликтер көрсетілді.
#шымкент #ВИЧ #HIV #АИТВ #СПИД #AIDS #ЖИТС #арт #арвт #терапиявич #ДКП #ПКП #ИППП
https://www.youtube.com/watch?v=yV7O90jx_Bc&list=PLr9dh7zPJ1Ddw33rNadrzkSTGJhc1mEt0&index=3
23.01.2024 ж. Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МКҚК-нің бас дәрігер орынбасары Маширов Қожахмет Намазбайұлы ONTUSTIK TV телеарнасының «Денсаулық» бағдарламысына «АИТВ-ның алдын алу шаралары» тақырыбында сұхбат берді.
✍️ Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі мен Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МКҚК мекемелері арасында бірлескен жұмыс жоспары бекітілді.
🔹Жұмыс жоспары жастар арасында АИТВ-ның алдын алуына бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру мақсатында түзілді.
https://www.instagram.com/p/C2KAoB4tKkm/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==