жаналықтар каз

 

      Маусым айының үшінші жексенбісінде Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ұйымы Медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесін  атап өтеді.

           Бұл – құрмет пен алғысқа бөленген, ақ халатты абзал жандарға арналған мерекені Шымкент қаласы ЖИТС орталығы да  атап өтті.

       Мерекені ЖИТС орталығының бас дәрігері Б. Сырбек алғы сөзбен ашып,  медицина қызметкерлерінің  адам өмірін сақтау мен қолдауда көрсетіп жүрген ерен еңбектерін атап, мереке күнімен  құттықтады.

       Мереке барысында Мамедова Р. З. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі табыс еткен «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен, Султанова М.П. алғыс хатпен, ҚР Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығынан Маширов К.Н., Медетова А.Ж., Кысмуратова Г.Т.,  Дәулеткулова Р.К., Шегебаева Г.А., Сумбадзе Т.В. құрмет грамотасымен, ҚР ««SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ-нің Шымкент филиалы» табыс еткен Майсарова Б.Д., Гайбуллаева Г.У., Жумашев К.О., Кутманбетова Д.Ж. құрмет грамотасымен, Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасынан Халитова Н.С., Умирзахова М.Ү., алғыс хатпен, Шымкент қаласы ЖИТС орталығының бас дәрігерінен Сметова С. Д., Құрымбай Б.Б., Ерегенов Ж.Т. құрмет грамотасымен марапатталды.                                                                                                              

      Медицина қызметкерлері, сіздерді мерекелеріңізбен құттықтаймыз!

      Баршаңызға зор денсаулық, қызметтеріңізге табыс тілейміз!

Мақаланың авторы: Ахмедова Э., журналист