Бiз туралы
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.
Орталықтың негізгі міндеттері:
Қызметтер
жаналықтар каз
23.11.2021 « Али НУР» клиникасының медицина қызметкерлері арасында семинар өтті.
Шымкент қаласы ДСБ «ЖИТС-тің алдын – алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МКҚК-ның қызыметкерлерінің ұйымдастыруымен 2021 жылдың 23-қараша айында Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күніне орай «ТЕҢСІЗДІКТІ ЖОЮ. ЖИТС-ті ТОҚТАТУ. ПАНДЕМИЯНЫ АЯҚТАУ» тақырыбында «Али НУР» клиникасында семинар ұйымдастырылып, өткізілді.
Сонымен бірге, клиникаға келушілерді АИТВ-жұқпасына жедел-тест арқылы тексеріп, тестіге дейін және тестіден кейін кеңес беріліп, ақпараттық материалдар таратылды.
Мақала авторы: эпидемиолог дәрігері Ф. Абдиева, Л. Джанабаева
23.11.2021 Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай «ТЕҢСІЗДІКТІ ЖОЮ. ЖИТС-ті ТОҚТАТУ. ПАНДЕМИЯНЫ АЯҚТАУ» ұранымен 23.11.2021 жылы М.Әуезов атындағы ОҚМУ «Халықаралық туризм және сервис» кафедрасында студенттер арасында дәріс өтті. Дәріс барысында жастарға салауатты өмір салтын ұстануға және АИТВ инфекциясын алдын алуға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Қалалық ЖИТС орталығы профилактикалық жұмыстар бөлімінің эпидемиолог дәрігер Ф.Абдиева
23.11.2021 Шымкент қаласы №1 аудандық Әл-Фараби халыққа қызмет көрсету бөлімінде «Теңсіздікті жою.ЖИТС ті тоқтату.Пандемияны аяқтау.»тақырыбында науқан өтті.
2021 жылдың 23 қарашасында Шымкент қаласы ДСБ-ның «ЖИТС тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» MKҚК-нің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Дүниежүзілік ЖИТС пен күрес күніне орай «Теңсіздікті жою.ЖИТС-ті тоқтату.Пандемияны аяқтау.» ұранымен №1 Әл-Фараби аудандық халыққа қызмет көрсету бөлімінде науқан өткізді.Науқан барысында ЖИТС орталығының қызметкерлері, Халық арасында АИТВ/ЖИТС инфекциясының алдын алу мақсатында, келушілерге ерікті түрде жедел - тест жүргізіп,салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. Жұмыс барысында тестіге дейін және тестіден кейінгі кеңес беріліп,ақпараттық танымдық материалдар таратылды.Карантин кезіндегі,жасыл аймаққа сәйкес шектеу талаптары сақталды.
Мақала авторы: Психолог Д.Кутмамбетова.
Мед.бике Г.Елемесова.