2021 жылдың 16 қарашасында Шымкент қаласы ДСБ-ның «ЖИТС тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» MKҚК-нің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 1-желтоқсан Дүниежүзілік ЖИТС пен күрес күніне орай «Теңсіздікті жою.ЖИТС-ті тоқтату.Пандемияны аяқтау.» ұранымен Қаратау аудандық №1 халыққа қызмет көрсету бөлімінде науқан өтті.Науқан барысында ЖИТС орталығының қызметкерлері Халық арасында АИТВ/ЖИТС инфекциясының алдын алу мақсатында келушілерге ерікті түрде жедел - тест жүргізіп,салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. Жұмыс барысында тестіге дейін және тестіден кейінгі кеңес беріліп,ақпараттық танымдық материалдар таратылды.
#УслышатьКаждого#ӘрбірінТүсіну#toHearEveryone