Қауіпсіздік пункттері инъекциялық есірткіні тұтынушылар арасында (ИЕТ) АИТВ таралуын болдырмау үшін жұмыс істейді:

- ИЕТ-ді Стерильді шприцтер, зарарсыздандырғыштар, мүшеқаптар, санитарлық-ағартушылық әдебиеттермен қамтамасыз ету, пайдаланылған шприцтерді жинау және жою;

- ИЕТ-ді АИТВ инфекциясы, жыныстық жолмен берілетін инфекциялар, АИТВ жұқтыру қаупін азайтатын мінез-құлық және АИТВ-инфекция туралы ақпаратпен қамтамасыз ету; АИТВ-ға тестілеу;

- ИЕТ-ді АИТВ / ЖИТС бойынша психоәлеуметтік кеңес беру, сондай-ақ наркологтармен, дерматовенерологтармен, терапевтермен, фтизиатрлармен және психологтармен консультациялар жүргізу;

- мамандандырылған, білікті медициналық көмек алу үшін ИЕТ-ді мемлекеттік медициналық ұйымдарға жіберу;

- аймақтағы мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдарға ИЕТ-ті алдын-алу және басқа да көмек көрсететін ақпарат беру;

- аймақтағы мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдарға ИЕТ-ті алдын-алу және басқа да көмек көрсететін ақпарат беру;

- АИТВ, ЖЖБИ, В және С вирустық гепатиттері үшін қан үлгілері;

- АИТВ-инфекциясын жұқтыру қаупін азайту жөніндегі шараларды әзірлеу үшін ИЕТ-дің қауіпті мінез-құлық үлгілерін зерттеу       

                     

Эпидемиологиялық қадағалауды жүргізу

 

АИТВ-инфекциясының таралуы, эпидемиологиялық ахуалды талдау және бағалау, АИТВ жұқпасының таралуын болдырмауға және азайтуға бағытталған бірқатар шараларды іске асыруды ұйымдастыру және жүргізу. ШЭҚ инъекциялық есірткі тұтынушылар, секс-қызметкерлер, МСМ, ЖЖБИ, бас бостандығынан айырылған адамдар арасында жүргізіледі

 

 

Халықтың осал топтары арасында алдын алу бағдарламаларын іске асыру

 

Зиянды төмендету бағдарламасы есірткі қолданатын адамдардың денсаулығы мен құқықтарын қорғауға бағытталған. Мақсаты: АИТВ-ның және басқа да есірткіге байланысты зиянның таралуын азайту және есірткі тұтынушыларын маргинализациялауға және кемсітуге әкелетін саясат пен тәжірибені өзгерту.

 

Халықтың түрлі топтары арасында ақпараттық-ағартушылық жұмыс жүргізу


- АИТВ инфекциясының таралу жолдары мен әдістерін халыққа хабардар ету, әртүрлі департаменттердің, мектептердің, орта және жоғары оқу орындарының оқытушылары мен оқушыларын оқыту, санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізу, ақпараттық-білім беру материалдарын басып шығару және тарату туралы хабардар ету;

- АИТВ-инфекциясын тез диагностикалау, емдеу, алдын-алу мәселелері бойынша медицина қызметкерлерін оқыту;