жаналықтар каз

17 – наурыз «Шаңырақ» күні

      Қазақ мәдениетінде шаңырақтың қадір-қасиеті айрықша. Ол – әрі аспан күмбезі, әрі үй-жай, әрі тірек, әрі бақуаттылық пен қауіпсіздік және ұрпақтар сабақтастығы. Ол – ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан материалдық және рухани мұра, сонымен қатар отбасының тұрақтылығы мен ұрпақтың үздіксіз жалғасуының символы. Сондықтан  қазақ халқы жас жұбайлардың отау құрып, шаңырақ көтеруіне ерекше мән беріп,  «Шаңырақ көтеру» атты ерекше дәстүр-салттын ұстанған.  Қазіргі таңда да  қазақ халқы бұл дәстүрге айрықша  мән беруде . 17 – наурыз «Шаңырақ» күнін атап өтуді үрдіске айналдырып,  жас ұрпаққа тәрбиелеу мәдениетін көрсете отырып, олардың бойында жауапкершілік,  адамгершілік, парасаттылық  пен еңбекқорлыққа деген құштарлықты қалыптастыруға баулуда.

18 наурыз —«Ұлттық киім» күні!

       Әр ұлтты ерекшелендіретін –  өзіндік дәстүрлі құндылықтары бар. Соның бірі ұлттық киім үлгісі. Ұлттық киім – кез келген халық мәдениетінің ажырамас бөлшегі. Ол жай ғана киім емес, бүтін ұлттың бет-бедерін айқындар ұлан-ғайыр тарих. Халқымыздың  киім үлгісінде  барша сәнділігі мен  ою-өрнегінде, әрбір әшекейінде халқымыздың тарихының, ой-дүниесінің қайталанбас көрінісі жатыр. Сондай-ақ ерте замандардан бүгінге дейін өзінің қадір-қасиетін жоймай, қазақ қолөнерінің озық үлгісі ретінде ғана емес, әрі әсем, әрі ыңғайлылығымен де пайдаланудан қалмай келеді. Сондықтан, дәстүрімізге сай, атадан-балаға мирас болып келе жатқан ұлттық киімдерді ұлықтау мақсатында өтетін «Ұлттық киім»

күнінің маңызы зор.

       Сенбілік – тазалық кепілі.  Шымкент қаласының ДСБ «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МКҚК ұжымы « Наурыз» мерекесінің қарсаңында сенбілік ұйымдастырды.

       Іс-шара барысында орталықтың қызметкерлері қажетті құрал-жабдықтармен, қолғаптар мен қоқыс салатын қаптармен қамтамасыз етілді. Ортақ күш-жігердің арқасында  барлық жерде тазалық орнап, аула ажарлана түсті.

        Сенбілік – бұл ұжымдық рухты, бірегейлікті, ауызбіршілікті көрсететін керемет шара. Сенбілікке шығу арқылы тазалыққа деген жауапкершілік те нығаяды. Сенбілік – бұл игі дәстүр!


«Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Аутрич және NEET жастармен жұмыс бөлімінің ұйымдастыруымен «Сәлем» әлеуметтік қалашығында Индустриалды-техникалық колледжінің студенттеріне семинар және квест ұйымдастырылды.
Кездесу барысында «ЖИТС-тың алдын-алу және онымен күрес орталығының» маманы Жүргенбаева Назира жастарға АИТВ-жұқпасы және ЖИТС жайлы негізгі ақпарат беріп, оның жұғу және алдын-алу жолдарын, онымен байланысты стереотиптер жайлы, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды ауруына байланысты «таңба басу» және қоғамнан аластату жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бағдарламаға үйрету ойындары мен талқылаулар кірді.
Қатысушылар АИТВ-ға шалдығу қаупі төнген адамның өмірлік тәжірибесін көрме ішімен 15 минутта интерактивтік серуендеу арқылы бастан кешті.

14 наурыз қазақ халқында – көрісу күні, амал мерекесі. Бұл мереке — күн мен түннің теңелген тұсында, қыстың бейнеті мен қиындығынан аман-есен шығып, халықтың Наурыз мерекесі алдында мәре-сәре болатын күн. Үлкен кіші бір-біріне сәлем беріп, көрісіп,  «Жаңа жасың құтты болсын», «Бір жасыңмен», «Жасыңа жас қосылсын», «Амал мерекесі құтты болсын» деп амандасып, кәде-сыйларын тапсырады. Бұл күн қол алысып, көрісумен ғана өлшенбейді, адамдар арасындағы бұрынғы өкпе-реніш кешіріліп, араздық ұмытылады, жақын адамдар бір-біріне амандық-саулық тілейді. Көрісу — ағайын мен туыс арасындағы байланысты бекітетін, жаңа жылда, жаңа күнде, жаңа өмір бастауға ниет етеді.

Амал күні қазағым көріседі,

Көрісу бұл көненің жемісі еді.

«Жасың құтты болсын!» деп жамырасып,

 Ақ ниетпен, адал қол беріседі. 

Көрісу мерекесі құтты болсын!

Шымкент қалалық № 11 емханасы мен № 2 аурухана емханасына қарасты түзеу мекемелерінің медицина қызметкерлерімен кеңес өтті.
🏥 Шымкент қалалық № 11 емханасы мен № 2 аурухана емханасына қарасты түзеу мекемелерінің медицина қызметкерлерімен ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтың алдын алу бөлімінің эпидемиолог-дәрігері Ертаев Асқар Сансызбаевичтың қатысуымен кеңес ұйымдастырылды.
⚖️ Кеңесте Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес» жөніндегі орталығының эпидемиолог-дәрігері Ертаев Асқар Сансызбаевич Шымкент № 11 қалалық емханасы мен Шымкент қалалық № 2 аурухана емханасына қарасты түзеу мекемелерінің медицина қызметкерлері қатысып, ҚР ДСМ-нің 27.11.2020 жылғы АИТВ-инфекциясының бар-жоғына міндетті құпия медициналық зерттеп-қарау қағидаларын бекіту туралы, 2020 жылғы 25-қарашадағы ҚР ДСМ-204/2020 АИТВ-инфекциясының профилактикасы саласында қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде АИТВ инфекциясы мәселелері бойынша ерікті түрде анонимдік және құпия медициналық зерттеп-қаралу және консультация алу қағидаларын бекіту туралы бұйрықтарының талаптарын орындау барысындағы проблемалар мен оларды шешу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

 

ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСУ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «АИТВ-инфекциясын алдын алу» тақырыбында «Индустриалды – техникалық колледж» МКҚК жастарына кездесу ұйымдастырылды.

Мақсаты - АИТВ-инфекциясын алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Кездесуде Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының» алдын алу бөлімінің дәрігер эпидемиолог Байқасова Айгүл Тілеуханқызы қатысып, кәмелетке толмаған жастар арасында, АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу мәселелері жайында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар сала маманы жаман әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.

https://cloud.mail.ru/public/unNv/FDG8PWUV9