Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен жастар арасында нашақорлықтың және АИТВ/ЖИТС–тің алдын алу бағытында кездесу өтті.
Кездесуге ЖИТС-тің алдын алу және оған күрес жөніндегі орталығының маманы Назира Жүргенбаева, Шымкент қаласының №3 жоғары спорт шеберлігі мектебінің басшысының орынбасары Руслан Аитов, ШЖҚ Психикалық денсаулық орталығының нарколог дәрігері Ұлбосын Жанмолдаева, Шымкент қаласының №3 жоғары спорт шеберлігі мектебінің аға жаттықтырушысы халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ахатаев Абзал,
Шымкент қаласының №3 жоғары спорт шеберлігі Қазақстан чемпионы кубогы, әмбебап жекпе-жектен әлем чемпионы Қуаныш Чимкентбай және «Шымкент жоғары педагогикалық колледжі» студенттері қатысты.
📌 Аталмыш шарада жастар арасындағы нашақорлықтың әлеуметтік алдын алудың өзекті теориялық және қолданбалы мәселелері қарастырылады. Қазақстан жастарының өмір сүру салты, еліміздегі нашақорлық деңгейі, статистикалық көрсеткіштері талқыланады. Шара аясында ЖИТС орталығының қызметкері кәмелетке толмағандар жастар арасында нашақорлық, АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу мәселелері жайында толыққанды мағлұмат берді. Сонымен қатар сала мамандары жаман әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстанып, бос уақытында кітап оқуға шақырды. Сөз соңында жастар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, өзара еркін пікір алмасты.
    Мақала авторы: Н.Жургенбаева.

 

 https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid037tj6prgyv8NHhQpK7rtUzLynw9kpNFfSDVpAKeiog6TLXhx5p5ncMcdwWq8MSLApl&id=100016628772028