Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

 

Пресс-релиз.

Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы 2022 жылғы кампания

 

        Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні – 1 желтоқсанда атап өтіледі, бұл күнді алғаш рет 1988 жылы ДДҰ жариялады. Биылғы жылы Қазақстанда Дүниежүзілік кампания аясында 21 қараша мен 1 желтоқсан аралығында ЮНЭЙДС ұсынған «Теңдік уақыты!» тақырыбында онкүндік өткізу жоспарлануда.

       Шымкент қаласында АИТВ-инфекциясы алғаш рет 1993 жылы анықталды. АИТВ-жұқтырғандардың жас топтарына қарай жұқтырудың жоғары деңгейі 15-49 жас аралығында – 84,5%.

      «Теңсіздік мәселесін шешкеннен кейін ғана біз бәріміз жеңіске қол жеткізе алатынымыз жайлы ақпаратты таратуға барлығымыз үлесімізді қосуға міндеттіміз. Әрбір адамның денсаулығын қоргау және қауіпсіз ету үшін біз барша адамдардың теңдігіне ұмтылуымыз керек», - деді орталықтың бас дәрігері Т.Мейірханов.

       Бүгінгі таңда АИТВ-мен өмір сүретін 1520 адам антиретровирустық терапияны қабылдап, олардың 90% вирустық супрессия байқалды. Антиретровирусты терапияның қол жетімділігінің кеңейту  арқасында АИТВ инфекциясынан науқастану және өлім жағдайлары азайып. АРТ қабылдаушылардан вирус жұғу қаупі төмендеді. АИТВ-на тестілеу, өзінің статусын білуге және терапияны алуға  мүмкіндік береді.                                  АИТВ инфекциясына тестілеу және емделу тегін жүргізіледі. Қабылданған шаралар жүкті әйелдерде АИТВ-ны дер кезінде анықтауға және көп жағдайда инфекцияның анадан балаға жұғуына жол бермеуге көмектеседі.

       Бүгінгі таңда алдын алу іс-шараларымен медицина қызметкерлері, студенттер  мен оқытушылар, бизнес-құрылымдар ғана емес  халықтың осал топтары: 2196 иньекциялық есірткі тұтынушы тұлғалар, 2365 секс қызметкері, 1091 еркектермен жыныстық қатынасқа түсетін еркектер, 3699 бас бостандығынан айрылғандар қамтылуда.

      Шымкент қаласындағы ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығы АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың иммунитетінің жағдайын анықтауға, сондай-ақ антиретровирустық терапияның тиімділігін бақылауға мүмкіндік беретін соңғы үлгідегі анализатормен жабдықталған, ол ДДҰ ұсынған соңғы 4-буын сынақтарымен жұмыс істейді. АИТВ-ны қанда ғана емес, сілекей сұйықтығында да анықтауға мүмкіндік береді. Орталық қызметкерлері Қазақстан Республикасында ғана емес, Ресейде, Қырғызстанда, Украинада, Кореяда, Румынияда да тұрақты негізде біліктіліктерін арттырудан, семинарлар мен тренингтерде оқытудан өтіп, жергілікті жерлерде озық тәжірибені енгізуді қамтамасыз етуде.

ЖИТС орталығының баспасөз қызметібайланыс

Орынд. Ахмедова Э.

Тел.: 310939