Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Теңдік уақыты!» ұранымен өткізілген кездесу барысында жастарды салауатты өмір салтын ұстануға, АИТВ-инфекциясын алдын-алуға және өз денсаулығына ортақ жауапкершілікпен қарауға шақыру жұмыстары ұйымдастырылды.
Кездесуге Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының» алдын алу бөлімінің маманы Жургенбаева Назира, ШЖҚ Психикалық денсаулық орталығының нарколог дәрігері Садыкова Майра, Серғали-Түркістан РҚБ, жоба үйлестірушісі Әбуталиев Ержан, Шымкент қаласының №3 жоғары спорт шеберлігі мектебінің жаттықтырушысы Сейдазым Алибек, Шымкент қаласының №3 жоғары спорт шеберлігі мектебінің жаттықтырушысы Ибраимов Олимжон, Шымкент қаласының №3 жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшысы, Ушу-сандадан спорт шебері, Қазақстан Республикасының 2 дүркін чемпионы Ташполатов Шахзод, Жастар ресурстық орталығының маманы Қалмурзаева Айжарқын және Шымкент аграрлық және сервис колледжінің студенттері қатысты.
Кездесу барысында ЖИТС орталығының қызметкері кәмелетке толмағандар жастар арасында нашақорлық, АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу мәселелері жайында толыққанды ақпарат берді. Сонымен қатар сала мамандары нашақорлық індеті жер бетінде миллиондаған адамның өмірін жалмап жатқанын және аталған індеттің шекараны, жасты, нәсілді талғамайтынына тоқталды. Кездесу соңында спортшылар жастарға жаман әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.