Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Теңдік уақыты!» ұранымен өткізілген кездесу барысында жастарды салауатты өмір салтын ұстануға, АИТВ-инфекциясын алдын-алуға және өз денсаулығына ортақ жауапкершілікпен қарауға шақыру жұмыстары ұйымдастырылды.
Мақсаты – Жастар арсында нашақорлықтың және АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Шараға ЖИТС-тің алдын алу және оған күрес жөніндегі орталығының маманы Назира Жүргенбаева, ШЖҚ Психикалық денсаулық орталығының нарколог дәрігері Сагындыкова Палжан, Серғали-Түркістан РҚБ, жоба үйлестірушісі Әбуталиев Ержан, Шымкент қаласының №3 жоғары спорт шеберлігі мектебінің жаттықтырушысы Садыков Бахтияр, Шымкент қаласының №3 жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшысы, Азия чемпионы Турсымбаев Шахрух және МКҚК М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінің студенттері қатысты.
Науқан аясында ЖИТС орталығының қызметкерлері кәмелет жасқа толған жастарды өз еркімен АИТВ-жұқпасына жедел-тест арқылы тексеріп, тестіге дейін және тестіден кейін кеңес берді.