Шымкент қалалық ЖИТС орталығының ұйымдастыруымен «Теңдік уақыты!» ұранымен өткізілген кездесу барысында жастарды салауатты өмір салтын ұстануға, АИТВ-инфекциясының алдын-алуға және өз денсаулығына ортақ жауапкершілікпен қарауға шақыру жұмыстары ұйымдастырылды.
Мақсаты – Жастар арасында нашақорлықтың және АИТВ/ЖИТС-тің алдын-алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Шараға ЖИТС-тің алдын-алу және оған күрес жөніндегі орталығының маманы эпидемиолог-дәрігері Ертаев Асқар Сансызбаевич Әскери-техникалық мектебінің курсанттары қатысты.
Науқан аясында ЖИТС орталығының қызметкерлері жастарды өз еркімен АИТВ-жұқпасына жедел-тест арқылытексеріп, тестіге дейін және тестіден кейін кеңес берді.