Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы» және Қоғамдық денсаулық сақтау институтының ұйымдастыруымен Саттар Ерубаев атындағы №24 ІТ мектеп-лицейінде АИТВ/ЖИТС-тың алдын алуына арналған, оқушылар арасында ғылыми-практикалық форум өтті.
Шараның ашылуында Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Тажиева Жанат Арысбекқызы қатысушыларға сәттілік тілеп, өсіп келе жатқан жастар арасында АИТВ-инфекцияның алдын алу жұмыстары тәрбие процесінің бір бөлігі болуға тиісті екенің айтып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Саттар Ерубаев атындағы №24 ІТ мектеп-лицейі директоры Нысанбаева Жанар Тастановна, «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы» профилактикалық жұмыстар бөлімінің меңгерушісі - Медетова Айнұр Жұмабаевна, мұғалімі Жургенбаева Назира Матышевна, «Психикалық денсаулық орталығының» психиатр наркологі - Баймурунова Раушан Асановна, Қоғамдық денсаулық сақтау институтытың маманы Ильясова Майра Ералиевна, үйлестірушісі Молдабаева Айжан Мәдіханқызы, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Аутрич және NEET жастармен жұмыс бөлімінің инспекторы Қалмурзаева Айжарқын Абдухалыққызы,№3 жоғары спорт шеберлігі мектеп басшысының орынбасары Аитов Руслан Шавкатович, Мектеп ұстаздары, Медицина қызметкерлері, мектеп оқушылары мен БАҚ өкілдері қатысты.
Мектеп ғимаратының бірінші қабатында оқушы жастардың салауатты өмір салтын насихаттау және АИТВ/ЖИТС-тің алдын алуға байланысты суреттер көрмесі ұсынылды. Сонымен қатар бейінді мамандар медицина қызметкерлері, спортшылар, мектеп оқушылары тақырыпқа сәйкес баяндама жасады.
Жиын соңында баяндамашылар, суреттер көрмесіне үлесін қосқан оқушылар, белсенді қатысушылар мадақтама қағазы және түрлі сыйлықтармен марапатталды.

@institut_o.z