2022 жылдың 30 қараша күні Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында студенттер арасында «Теңдік уақыты» ұранымен дөнгелек үстел өткізілді. Іс шара барысында Шымкент қаласының ДСБ «ЖИТС-тің алдын алу және оған күрес жөніндегі орталық» МКҚК мамандары Ф. Абдиева, Л.Джанабаева АИТВ-инфекциясының берілу жолдары, стигма мен кемсітушіліктің алдын алу туралы мәлімет берді. Өнегелік, құлықтылық нормаларын ұстанудың маңыздылығына көңіл бөлді. Іс-шара барысында тыңдаушылырдың тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді. Парақшалар таратылып, студенттерден ерікті түрде жедел тест алынды.
Мақаланың авторы: ЖИТС орталығының профилактикалық жұмыстар бөлімінің дәрігері Ф.Т.Абдиева