Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі ұйымдастыруымен АИТВ-инфекциясын, нашақорлықтың алдын алу түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Кездесуге Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МКҚК-нің профилактикалық жұмыстар бөлімінің мұғалімі Жургенбаева Назира, ШЖҚ Психикалық денсаулық сақтау орталығының нарколог дәрігері Шайкенова Асель және Шымкент қаласының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі, полиция майоры Бауыржан Қанатұлы қатысты.
Мамандар жастарға АИТВ-инфекция және ЖИТС жайлы негізгі ақпарат беріп, оның жұғу жолдарын, алдын-алу амалдарын түсіндіріп, сол арқылы жастардың өз еркімен тексерілуге талпынысын жоғарлатуға бас назар аударды.
Мақаланың авторы: Шымкент қаласы ЖИТС орталығының мұғалімі Н.Жургенбаева.