Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

 

7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық сақтау күніне орай Шымкент қаласының ЖИТС орталығында «Ашық есік» күні өткізілді. Іс-шараның  мақсаты: тұрғындардың АИТВ статусын анықтау, АИТВ-ның жұғу жолдары, алдын алу шаралары жайында түсінік беру.

      Аталмыш күні инфекционист, психолог, гинеколог, эпидемиолог мамандары кеңес берді. Адамдар АИТВ-ны анықтау үшін жедел тестілеуден өтіп, 15 минут ішінде өздерінің АИТВ статусын анықтай алды.  Анализ анонимді түрде  қабылданды. Жедел тестілеуге - 34 адам, ИФА-ға - 45 адам қан тапсырды, 31 адам дәрігерлерден кеңес алды. 

      ЖИТС орталығының АИТВ – инфекциясын диагностикалау, емдеу және алдын алу шаралары толық тегін медициналық көмектің кепілді көлемінде көрсетіледі.

Мақаланың авторы: Ахмедова Э.С., ЖИТС орталығының маманы.