Маусым айының үшінші жексенбісі медицина қызметкерлерінің төл мерекесі. Асқан шеберліктің иесі ақ халатты абзал жандар құрмет пен алғысқа лайық. Мереке қарсаңында науқастар Шымкент қаласы ЖИТС орталығының мамандарына алғыс айтып, жылы лебіздерін білдірді. Бiлiм мен мейiрiмдiлiктi ұштастыра бiлген барлық медицина қызметкерлерін төл мерекесімен құттықтап, дендеріне саулық, еңбекте табыс, отбасыларына бірлік, береке тілейміз.