2023 жылдың 28 қарашасында Шымкент қаласы ДСБ «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МКҚК-ның, «Шымкент қалалық психикалық денсаулық орталығы», Шымкент қалалық СӨСҚ және «Ай-Ана» ҚБ мамандарының қатысумен 1 – желтоқсан Дүниежүзілік ЖИТС – пен күрес күніне орай, АИТВ-ның және нашақорлықтың алдын алу мақсатында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Іс-шарада мамандар АИТВ алдын алуы және нашақорлықпен күресу туралы шынайы ақпарат ала отырып, физиологиялық және әлеуметтік тұрғыдан бей-берекет жыныстық қатынасқа түсетін жастарды күтіп тұрған қиындықтар мен кедергілер жайлы сұрақтарды талқыланып, тұжырым жасалды.