2023 жылдың 08 желтоқсан күні Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының Жастар ресурстық орталығының шақыруымен ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық мамандары толықметражды «Бақыт кілті» фильмінің алғашқы көрсетіліміне қатысты.
Ерекше драматургиялық оқиға арқылы, жастардың қоғамдық орында өздерін әдепті ұстауы, синтетикалық есірткінің адам өміріне әсері, құмар ойын мен мамандықты дұрыс таңдауға бағыт-бағдар мен тұрмыстық зорлық-зомбылық сынды өзекті мәселелерді көтеру мақсатында арнайы түсірілген фильмнің режисері - Бақытжан Көшеров. Сценарий авторы - Оңғар Әлиайдар, оператор - Димаш Тұрдыматов.
Фильмге арнайы келген Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысы Бахтияр Өнербаев, фильмнің режисері мен актерлік құрамын марапаттап, алдағы жұмыс жоспарларына сәттілік тіледі.