📢 02.02.2024 ж. ЖАСТАР ЖИТС ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МАМАНЫМЕН КЕЗДЕСТІ
🏫 Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «АИТВ-инфекциясын алдын алу» тақырыбында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің жастарына дәріс өтті.
👩🏻🏫 Кездесуде Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес» жөніндегі орталығының маманы Жургенбаева Назира қатысып, салауатты өмір салтын ұстану қағидалары мен АИТВ-инфекциясын жұқтырмаудың амалдары жөнінде айтып берді. АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды ауруына байланысты «таңба басу» және қоғамнан аластатуды алдын алу жөнінде де түсіндіру жұмыстарын жүргізді.