04.10.2023 «АИТВ-инфекциясын жастар арасында алдын алу» тақырыбында №96 мектепте кездесу өтті.
🏫 Шымкент қаласының ДСБ «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МКҚК-нің ұйымдастыруымен, «АИТВ-инфекциясын жастар арасында алдын алу» тақырыбында, №96 мектеп жоғары сынып оқушыларымен кездесу өтті.
📈 Маман жастарға АИТВ-инфекция және ЖИТС жайлы негізгі ақпарат беріп, оның жұғу жолдарын, алдын-алу амалдарын түсіндіріп, сол арқылы жастардың өз еркімен тексерілуге талпынысын жоғарлатуға бас назар аударды.
👩🏻🏫 Сөз соңында сала маманы жастарды жаман әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстанып, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды ауруына байланысты «таңба басу» және қоғамнан аластатуды алдын алу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.