08.02.2024 жылы «Сәлем» әлеуметтік қалашығында семинар өтті.
2024 жылдың 08 ақпан күні «Сәлем» әлеуметтік қалашығында, Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орай Қалалық ЖИТС орталығының маманы Индустриалды-техникалық колледж студенттеріне науқан ұйымдастырды. Қатысушылар АИТВ-ға шалдығу қаупі төнген адамның өмірлік тәжірибесін көрме ішімен 15 минутта интерактивтік серуендеу арқылы бастан кешті.
Мамандар жастарға АИТВ-жұқпасы және ЖИТС жайлы негізгі ақпарат беріп, оның жұғу жолдарын, алдын-алу жолдарын, онымен байланысты стереотиптер жайлы, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды ауруына байланысты «таңба басу» және қоғамнан аластатуды алдын алу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бағдарламаға үйрету ойындары мен талқылаулар кірді.