Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

21.02.2024 ж. Қалалық перинаталдық орталығында  медициналық қызметкерлердің арасында АИТВ-инфекциясы мәселесі бойынша білім деңгейін көтеру және әдістемелік көмек  беру мақсатында семинар өтті.

       Шымкент қалалық ДСБ 29.01.2024 ж. №39- н/қ бұйрығын орындау мақсатында Шымкент қаласының ЖИТС орталығының мамандары  А.Т. Байкасова, Э. К. Имангалиева, Б.Д. Майсарова, С.Д.Сметова, Г.Е. Кожикова  Шымкент қалалық перинаталдық орталығында  медициналық қызметкерлерге АИТВ инфекциясы бойынша ҚР ДСМ бұйрықтары, талаптары және АИТВ инфкциясын, АИТВ жұқтырған анадан балаға жұғудың алдын алу, экспресс-тестілеу, (обучение применения экспресс тестирования четвертого поколение, оценка и интерпритация результата.) оқыту және нәтижелерін түсіндіру, АИТВ инфекциясымен өмір сүретін адамдарды ауруына байланысты «таңба басу» кемсіту, қоғамнан аластатуды алдын алу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Мақала авторы дәрігер эпидемиолог А.Т. Байкасова